Әлеуметтік желілерде Ерболат Досаевтың атын пайдаланған аккаунттар пайда болды

Әлеуметтік желілерде Ерболат Досаевтың атын пайдаланған аккаунттар пайда болды
Сурет: интернеттен

Бұл жағдай бұдан бұрын да орын алған болатын.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз», - делінген Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.