Әлеуметтік тұрақтылықты арттыру үшін мегаполисте 5 бастама іске асырылады

Әлеуметтік тұрақтылықты арттыру үшін мегаполисте 5 бастама іске асырылады
Сурет: Primeminister.kz

Қаланың орнықты дамуы үшін базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ерекше қажеттіліктеріне, әлеуметтік мәртебесіне, жынысы мен жасына қарамастан, барлық қала тұрғындары үшін әлеуметтік игіліктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» атты жобасында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Инклюзивтілікті, әлеуметтік орнықтылықты және тұрақтылықты арттыру үшін мегаполисте 5 бастама іске асырылады

  • Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта ұйымдастыру және бала кезінен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру;
  • Көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылықты, оның сапасын және қолжетімділігін арттыру үшін білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту;
  • Жастардың дамуы үшін тең мүмкіндіктер жасау;
  • Қала тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды және алуан түрлі мәдени шаралар жиынтығы;
  • Салауатты өмір салты мен жоғары жетістіктер спорты үшін дамыған инфрақұрылым.

2030 жылға қарай Алматы инфрақұрылымының қолжетімділігін 10%-тен 75%-ке дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Оқушы орындарының тапшылығын 19,6 мыңнан басқарылатын тапшылыққа дейін, яғни 2025 жылға қарай 7,3 мыңға дейін және 2030 жылға қарай 4,3 мыңға дейін халықтың өсуін ескере отырып азайады.

2025 жылға қарай 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 92%-тен 97%-ке дейін, 2030 жылға қарай 99%-ке дейін ұлғайтылады. 2030 жылға дейін қалалық 5 оқу орнының базасында танымал халықаралық мектептердің брендімен және басқаруымен әлемдік деңгейдегі мектептер құрылады.

Алматының болашағына бейжай қарамаңыз. Өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдырыңыз.