Әлемнің үздік травматологтары елімізде бас қосты

Әлемнің  үздік травматологтары елімізде бас қосты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әлем бойынша кең таралған сүйекті ауыстыру тәжірибесі біздің елімізде де жолға қойылған.

Түркістанда өткен халықаралық ғылыми конференцияда травматологтар мен ортопед мамандар өзара тәжібие алмасып, жетістіктерін таныстырды. Екі күнге жоспарланған шараға әлемнің 15 елінен 250-ге жуық білікті дәрігер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Басқосуда Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Германия мен Қытайдан келген травматологтар соңғы жетістігі мен мүмкіндіктерін таныстырды. Кей елдердің ғалымдары онлайн режимде қатысып, ой бөлісті. Шара аясында көрме ұйымдастырылып, озық медициналық технологиялар көпшілік назарына ұсынылды.

«Қазақстандық әріптестерімізге травматология және ортопед жаңа технологияларды алып келіп, көрсетіп, бүкіл дүние жүзінде қандай жаңа технологиялар болып жатқанын осы жерге келіп, естіп ,енгізіп жатырмыз. Оның барлығының біздің науқастарымызға пайдасы бар», - деді ҚР ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарысов.