Әлемді шарлаған байкер Дмитрий Петрухин сайлауға мотоциклмен келді

Әлемді шарлаған байкер Дмитрий Петрухин сайлауға мотоциклмен келді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Байкердің айтуынша, азаматтық борышын өтеу үшін оған жаңбыр мен батпақ кедергі емес.

«Мен сайлауға ылғи қатысып жүремін. Өзім өмір сүріп жатқан мемлекеттің тағдырына мән беремін, сондықтан өзімнің азаматтық ұстанымымды көрсетуді құрмет деп санаймын. Еліміздің туымен 400 мың шақырымнан астам жол жүрдім, әлемнің 170-тен астам елінде болдым. Қазақстан әлемдік аренада жақсы беделге ие, біздің мемлекетімізді жас әрі болашаққа қарқынды дамитын ретінде біледі. Сондықтан бізге Қазақстан деп аталатын кемемізді ұзақ әрі жарық болашаққа апаратын мықты капитанды таңдау өте маңызды», - деп пікір бөлісті Дмитрий Петрухин.