Әлемдегі үздік елдер рейтингі жарияланды

Әлемдегі үздік елдер рейтингі жарияланды
Сурет: Самат Құсайынов

Америкалық US News & World Report басылымы әлемдегі үздік елдер рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Зерттеуге 87 ел қатысты. Олардың әрқайсысы 73 критерий бойынша сараланған - яғни сапалы сипаттамалары қаралған. Сауда, саяхат, инвестиция және ұлттық экономикаға тікелей әсер етуші факторлар зерттелген.

Алғашқы ондыққа енген елдер:

Швейцария,
Канада,
Швеция,
Аустралия,
АҚШ,​​
Жапония,
​​​​Германия,
Жаңа Зеландия,
Ұлыбритания,
​​​​​​Нидерланды.

Қазақстан 84-орында тұр. Ал былтырғы көрсеткішке қарағанда екі саты жоғарылаған.