Әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді

Әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді
Cурет: Qazaqstan.tv

Катарда таяу күндері  футболдан Әлем чемпионаты ашылады.

Әлемдік доданың басталуына бірнеше күн қалғанда дүниежүзіндегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді. Оның биіктігі 2 метрге жетсе, ұзындығы 5 метр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Доп тебуге арналған алып кроссовканы тамашалау үшін «Катара Мәдени Ауылына» бірталай жанкүйер жиналды. Бұл мемлекетте футболдан Әлем біріншілігі алдағы жексенбіде ашылып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады.

Ал алғашқы матч Катар мен Эквадор командалары арасында өтеді.