Әділғазы Қайырбеков: Жастар сайлауға белсене қатысуда

Әділғазы Қайырбеков: Жастар сайлауға белсене қатысуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков  №624 сайлау учаскесіне барып, Президентке лайықты кандидатқа дауыс берді.

«Бір ерекшелігі, жастарымыз сайлауға белсене қатысып жатыр. Бұл – қуантарлық жағдай. Әр азамат ел тағдыры айқындалар сәтте өздерінің даусы маңызды екенін  біледі.

Қарапайым азамат ретінде мен мемлекетті басқару тізгінін кімге сеніп тапсырып жатқанымызға бейжай қарай алмаймын. Біздің әрқайсымыздың дауысымыз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына тікелей әсерін тигізеді.

Менің ойымша, мемлекет басшысы халықтың сеніміне ие, ел азаматтарының игілігі үшін қызмет ететін тұлға болуы керек.

Мен дауыс берген кандидат ұлттық идея мен әділетті қоғам құруға жол көрсетумен қатар, мемлекеттік тілдің дамуына ерекше көңіл бөледі деп сенемін. Мен үмітімді ақтайтын адамға дауыс бердім», - деді ол.