Абай облысында гуманитарлық көмек жинау тоқтатылды

Абай облысында гуманитарлық көмек жинау тоқтатылды
Сурет: 24.kz

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.

Қазір тұрғындарға қажетті заттар толық жетеді. Өңірге кеше тағы бірнеше жүк көлігі келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалпы Қазақстан бойынша 40 тонна жарма, макарон өнімдері, қант, ұн, сонымен қатар екі тоннадан аса ет, шұжық және 32 мың литр су жиналды. Тез бүлінетін тағамдар өрт сөндіріп жүрген адамдарға жөнелтілді. Төтенше жағдайдан кейін ашылған арнайы есеп-шотқа ел азаматтары 500 миллион теңге аударған.  

«Құрметті жерлестер барлықтарыңызға мың да бір рақмет! Осындай қиын уақытта біздің облысымызда болып жатқан жағдайға қол ұшын создыңыздар. Әрқайсыңыздан көмек келді. Сол көмек бүгінгі таңда жеткілікті. Осыдан кейін көмекті жіберіп қажеті жоқ», - дейді облыстық Мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов.