Қаза болған әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды

Қаза болған әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды
Сурет: Adyrna.kz

Кеше Алматыда ақтық сапарға шығарып салған әскери қызметшіні орденмен марапаттау туралы Президент Жарлық берді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (марқұм) Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», - делінген Жарлықта.