77 адам коронавирус жұқтырды

77 адам коронавирус жұқтырды
сурет: ашық дереккөзден алынды

3 адамның жағдайы ауыр.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Қазақстанда 77 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның 8 сәуірдегі мәліметі бойынша, 1860 адам коронавирус инфекциясынан (–1 680+ және 180 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 180 пациент стационарда, 1 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр. Жағдайы өте ауыр, ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар жоқ», - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.