7 қазанға арналған ауа райы болжамы

7 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді

Қазгидромет синоптиктері 7 қазан, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді.
Осыған байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.

Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.