Алатау ауданына үш жаңа маршрут ашылады

Алатау ауданына үш жаңа маршрут ашылады
Сурет: Total.kz

Ауданда маршруттық желілер, жылжымалы құрам, сондай-ақ автобус аялдамалары жетіспейді.

Бұл проблемалар "Алғабас", "Теректі", "Рахат-Мәдениет", "Ұлжан-2", "Шаңырақ-1", "Қарасу", "Саялы-2" шағынаудандарында бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы шағынаудандарда 15 маусымға дейін 3 жаңа маршрут ашылады, 4 маршрут (№109, 129, 25, 57) ұзартылады және күшейтіледі. Сонымен қатар, №115 маршруттағы барлық жылжымалы құрам жаңартылды.

 Анықтама үшін:

  • "Шаңырақ-1" шағынауданын қамти отырып, "Ұлжан-2" шағынауданынан «Массагет» бизнес-орталығының Рысқұлов даңғылына дейінгі жаңа бағыт.
  • «Мәдениет» тұрғын үй кешенінен Солтүстік айналым көшесіне дейін "Өжет" шағынауданы Бекболат көшесін қамтитын жаңа қысқа маршрут.
  • "Қарасу" шағынауданының шығыс бөлігі арқылы "Ұлжан-2" шағынауданына дейін "Өжет" шағынауданының 6-қала кешенін қамтитын жаңа маршрут.
  • №129 маршрутты "Қарасу" шығыс бөлігінен №179 мектепке дейін ұзарту.
  • "Саялы-2" шағынауданы бойынша №25 және №57 маршруттар «Саялы-2» тұрғын үй кешенінен "Шаңырақ-5" шағынауданы Ақшағыл көшесіне дейін ұзартылатын болады.

Бүгінде бүкіл аудан аумағына 50 жаңа аялдама салу қажет. Олар жылдың соңына дейін салынып, аялдама жетіспеушілігі толық шешілмек.