3 қазандағы саудада доллар арзандады

3 қазандағы саудада доллар арзандады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгінгі доллар бағамы - 478,35 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 477,25 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 қазандағы ресми бағамы - 478,35 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 476,15 теңгеге, сату 478,83 теңгеге тең болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,94 теңгеден сатып алынып, 480,00 теңгеден сатылып жатыр.