21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
almaty-akshamy.kz

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Рarlam.kz сайты.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған Өкім мәтінінде.