2025 жылы ірі компаниялар IPO-ға шығарылады

2025 жылы ірі компаниялар IPO-ға шығарылады
Сурет: интернеттен

Олардың қатарында "QazaqGaz", "ҚТЖ", "Самұрық-Энерго" бар.

Ал келесі жылы "Air Astana" компаниясының акциялары IPO-ға шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы мәлімдеген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ведомство басшысының айтуынша, мемлекеттің бизнестен кетуі есебінен мемлекет қосымша экономика үшін қолайлы жағдайлар жасап жатыр.

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру жалғасын тапты. 2025 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарының орындалуы 66%-ды құрайды. Биыл 5%-ға дейін "Kegoc" SPO-сы, 2024 жылы – "Эйр Астана", 2025 жылы – "QazaqGaz", "ҚТЖ", "Самұрық-Энерго" IPO-сы жоспарланып отыр", - деді ол.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілмек.