2023 жылы қандастарды қабылдау квотасының саны ұлғаюы мүмкін

2023 жылы қандастарды қабылдау квотасының саны ұлғаюы мүмкін
Сурет: Atpress.kz

Еліміз 6 727 қоныс аударушыға квота беруі мүмкін.

Еңбек министрлігі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрығын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ашық талқыға шығарылған құжатқа сай, 2023 жылы Қазақстан өңірлері 1 925 қандасты қабылдамақ. Сонымен қатар, еліміз 6 727 қоныс аударушыға квота беруі мүмкін.

Айта кетейік, биыл ел Үкіметі елге оралуға ниетті қандастар үшін - 1 499 квота, ал қоныс аударушыларға 6 587 квота бөлген еді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығын ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.