20 мамырға дейін балық аулауға тыйым салынды

20 мамырға дейін балық аулауға тыйым салынды
inform.kz

Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаушыларға тосқауыл болмай тұр.

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаушыларға тосқауыл болмай тұр. Қазір балықтардың уылдырық шашатын кезі екеніне қарамастан, браконьерлер бұл талаптарға бағынбай келеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сала мамандары 20 мамырға дейін балық аулауға тыйым салынғанын айтады. Алайда рейд кезінде жергілікті тұрғындардың, әсіресе, түнгі уақытта ау салатыны анықталған. Нәтижесінде заң бұзушыларға қатысты 65 әкімшілік хаттама толтырылып, 7 қылмыстық іс қозғалды. Келген шығын көлемі - 4,5 млн теңге.

Инспекторлардың айтуынша, халық заңды дұрыс білмегендіктен, жиі заңбұзушылыққа барады.

Сондай-ақ, су қорықшыларының браконьерлермен тамыр-таныс болуы да себеп болып жатады.

«Су қорықшылары да, заңсыз балық аулаушылар да - осы аумақтың, жақын аудандардың азаматтары. Таныс болған соң, сыбайластыққа, ағайын-туыстыққа жол беріліп жатады. Қазір қармақпен балық аулаған жағдайда, ҚР ӘҚБтК 383-бабына сәйкес, жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіштен 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал, тоқпен немесе шанышқымен аулаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», - дейді Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні Түркістан облысы бойынша инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Мейіржан Өміралиев.