19 ақпанға арналған ауа райы болжамы

19 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Cурет: 24.kz

Қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады

Сенбіде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

19 ақпанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.