17 қарашада «Астана Аренада» Қазақстан – Сан-Марино матчы өтеді

17 қарашада «Астана Аренада» Қазақстан – Сан-Марино матчы өтеді
almaty-akshamy.kz

Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттерін онлайн сатылымға шығарды

Бұл матч 17 қарашада «Астана Арена» стадионында болады. Ойын сағат 21:00-де басталады.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттің бағасы 1 500 теңгеден басталады.

Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Матч Люблянадағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 01:45-те (жергілікті уақытпен 20:45) басталады.

Сан-Марино мен Словениямен ойынға оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.