14 жастағы жасөспірім төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

14 жастағы жасөспірім төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті
Сурет: ашық дереккөз
Өскеменде төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен 14 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оқиға 12 желтоқсан күні кешкі уақытта қаладағы Назарбаев даңғылында болған. Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден жасөспірім құлап кеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы жасөспірімді шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлері Ана мен бала орталығына жеткізді. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған.

"Баланың бас сүйегі жараланып, жіліншігі сынып кеткен. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек

Әзірше баланың қалай құлап кеткені белгісіз. Оқиғаға қатысты полиция департаменті ақпарат бермеген.