11 қазанға арналған ауа райы болжамы

11 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз

Синоптиктер Қазақстанда 11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.
Тек еліміздің батыс облыстарының ауа райын Қара теңізден келетін циклон анықтайды. Соның ықпалынан найзағай ойнайды.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.

• Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 жылы.

• Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 16-18 жылы.

• Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 жылы.