1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Сурет: Akorda.kz

Жолдауды сағат 11:00-де тікелей эфирде республикалық телеарналардан, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтынан көруге болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады. 

«Жолдау сағат 11:00-де тікелей эфирде республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі. Жолдаудың мәтіндік трансляциясын біздің телеграм арнамыздан оқуға болады», - делінген хабаламада.