Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Алматы  қаласының  Білім  басқармасы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым министрлігінің  Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитеті  Қазақстанның  БҰҰ  Бала  құқықтары  туралы  Конвенцияны  ратификациялауы  шеңберінде   ағымдағы  жылдың  9-20 қарашасы  аралығында  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз  балалық  шақ» атты республикалық  ақпараттық    науқаны  өттi. Науқанның  мақсаты: Балаларды қатыгездікпен   және  немқұрайлылықпен  қарау  проблемасына қоғамның  назарын  аудару  және  қоғамда  балаға  зорлық-зомбылық  қолайсыз  болып,  жасына,  даму   деңгейіне,  әлеуметтік  мәртебесіне  қарамастан  әр  адамның  өмірі  мен   әл-ауқаты  жоғары   болатын  сенімдерді  қалыптастыру.

Науқанның   орындалуына  қатысты  мектеп директоры  Тегимбаева  Салтанат 9 қараша 2020 жылғы  №289   бұйрығы  шығып, соған  сәйкес  іс-шара  жоспары  құрылды.  Жоспарға  сәйкес   көптеген  іс-шаралар    қашықтан  ұйымдастырылды. Онда  ата-ана , оқушыларға  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  қатыгез  қарау  және  зорлық-зомбылық  мәселелері  бойынша  сенім  телефондары  және  мектептің  педагог-психологының телефонынын  танымалдылығы  арттырылды. Сонымен  қатар, «Біз  өз проблемамыз  туралы» атты сынып  сағаттары  өткізіліп, «Зорлық –зомбылықсыз  әлемді  қалай құруға  болады!» тақырыбында  жоғары  сынып  оқушылары  арасында  эссе  байқауы  ұйымдастырылып, педагог-психолог  Жоламанова Толқын Секеновнаның  бастамасымен   мектептен тыс   ортада  психологиялық  және  физикалық  зорлық-зомбылық  (буллинг)  мәселелері  бойынша  оқушылармен  онлайн –талқылау  жұмыстары  жүргізілді, ал директордың  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары   COVID-9  жағдайында  санитарлық  ережені  сақтай отырып,   әлеуметтік  жағынан  осал  отбасылары, соның ішінде  сәтсіз , аз қамтылған, көпбалалы  отбасылары  мен асырап алушысы  бар , түрлі  есепте  тұрған  оқушылардың  үйлеріне  барып  тұрмыстық  — үй  жағдайларымен  танысып, заңды  өкілдеріне  кәмелетке  толмағандарды  зорлық-зомбылықтан  қорғауға  қатысты  профилактикалық  жұмыстар  жүргізді.

Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата — ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым — қатынасы, іс — әрекет, әдет — ғұрып, салт -дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана — сезімін, мінез — құлқынқалыптастыратын тәлімдік мұра екенін ескеруіміз керек.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адаматаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі молқайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалықшақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алғанмемлекетімізде зорлық — зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынанбасталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткеніұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесеотбасында дамып, қалыптасады.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен  жыл  сайын  өтетін «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз  балалық  шақ» республикалық ақпараттық науқанның   маңызы да, мәніде  зор.

 

 

Айсауле  Қарымбай,  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары

Әуезов  ауданы

№42 Жалпы  білім беретін мектеп

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *