Жыл соңына дейін 470 миллионға жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алынбақ

Алматы қаласындағы медициналық мекемелердегі құрал-жабдықтардың басым бөлігінің тозығы жеткен. Бұл жөнінде жақында ғана Алматы қаласы әкімінің Баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев мырза мәлімдеген болатын.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Сала басшысының айтуынша, осы жағдайларды толық анықтау үшін, қаламыздағы медициналық мекемелердің жабдық­талуына  аудит  жүргізілген.  Аудиттік тексерумен қаламыздағы 71 емдеу мекемесі, нақтырақ айтқанда, 14 стационарлық ұйым, 38 медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары (МСАК), 7 босандыру мекемесі және 12 өзге де емдеу мекемелері қамтылған. Осы тексерудің нәтижесінде қаламыздағы емдеу мекемелерінің жоғары  технологиялы  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілуі 60 пайызды ғана құрайтындығы анықталған. Ал қала тұрғын­дарына жедел медициналық көмек көрсететін мекеменің автокөліктерінің 70 пайызының тозығы жеткені анықталған. Ал бірқатар емханаларда құрал-жабдықтардың талай жылдардан бері жаңартылмағаны белгілі болды. Осыған байланысты биылғы жылдың соңына дейін құрал-жабдықтары тапшы емдеу мекемелерін медициналық жабдық­тармен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 470 млн. теңге қарастырылып отыр.

Бұл қаражатқа №20, 21, 25, 26, 27 қалалық емханаларға ультрадыбыстық тексеру жүргізетін аппараттар, холтерлер, рентген аппараттарын, флюорографтар және мамографтар сатып алу жоспарлануда.  Ал  келер  жылы жедел жәрдем қызметіне қажет 70 бірлік жедел жәрдем автокөлігін сатып алу да көзделіп отыр. Ол үшін қазына қалтасынан 2 млрд. теңге қарастырылуда. Жалпы алғанда, алдағы 2022 жылы Алматының денсаулық сақтау саласы тоқсан пайыз жаңаратын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *