Журналистер аллеясы ашылды

«Атакенттегі» көрме кешенінің саябақ аймағында журналистер аллеясы ашылды. Аталған акцияның өтуіне  «Атакенттің» «достар клубы» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.  Айта кету керек, бұл Алматыдағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған алғашқы аллея.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Айтулы шараға қаладағы түрлі басылым­дардың 30-ға жуық өкілі қатысты. Барлығы қолғап, күрек және нөмірлері бар биркалармен қамтамасыз етілді.  Салтанатты рәсімнің қатысу­шыларын белгілі журналист Вадим Борейко құттықтады.

– Өз басым «Атакент» туралы мақалаларды үнемі үлкен ықыласпен жазып жүрдім. Бұл жер әрқайсымызға бала кезімізден ыстық. Сондықтан бұл аллеяның гүлденіп, алдағы уақытта да алматылықтарды қуантады деп үміттенемін, – деді Вадим Борейко.

Игі шара аясында журналистер мен «Ата­кенттің» қызметкерлері 67 түп алма ағашын отырғызды.

«Атакенттің» «достар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бауыржан Баекешовтің айтуынша,  алма жемісі оңтүстік Астананың символы ретінде кездейсоқ таңдалмаған көрінеді.

– Бұл акцияның мақсаты – қаладағы жасыл желектерді көбейту. Біз, ең алдымен, топырақты дайындап, құнарлан­дырдық. Сол кезде өткен-кеткен адамның барлығы бұл шаруаны не үшін жасап жатқанымызды білгісі келді. Бұл жердің қандай аллея болып, ағаштарды кімдердің отыр­ғызатынын сұрап жатты. Кейін отырғызылған ағаштардың күтімі қалай болатынын білгісі келген жандар да аз емес еді.  Айтпағым, ағаштар күтімде болады. Ол үшін «Атакент» аумағында арнайы күзетшілер, қызметкерлер бар, – деді Б.Баекешов.

Айта кету керек, журналистер аллеясының ашылуы «Атакент» аумағын жаңғырту бойынша атқарылатын жоспар аясында іске асып отыр. Әрбір отырғызылған алма ағашының өз қамқоршысы бар, яғни БАҚ өкілдері.

«Атакент» АҚ президенті Мәдина Мақыпова да шараға қатысып, белсенділік танытқан журна­листер қауымына алғысын білдірді.

Ағаш отырғызу рәсімінен кейін әрбір журна­лиске ағаштың төлқұжаты тапсырылды.

– Біз бүгін игі шара жасадық. Бұл ағаштар біздің қаламен бірге өсіп, жетіледі. Бұдан былай біздің газеттің ұжымы осында келіп, өз ағашымызды күтіп, баптайтын боламыз, – деді «Деловой Казахстан» газетінің коммерциялық  бөлімінің  директоры Алена Ромайкина.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *