ЖОЛДА ЖҮГІРГЕНШЕ, ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛІМЕН ӨТ

19Бүгінгі таңда болашағына алаңдамай, қамсыз жүре беретін жандар біздің қоғам­нан табыла кететіні өтірік емес. Алайда, құ­жынаған шыбындай жанталасып жұмыс істейтін ортадан ондай ойсыздар кездеспейді. Себебі, олардың қатары ба­ла-шағаның, қара шаңырағының қамын ойлағандармен күн санап көбеймесе, азая қойған жоқ. Күш-жігерін тауыса жұмыс істеп, бір үйдің түтінін түтетіп отыр­ғандар бір күндік амалмен өмір сүрмейді.

 

Мөлдір НҰРТАЙ

Алматы базары дәл осы тіршіліктің қайнаған ортасына айналғалы ширек ғасырдан асты. Осы уақыт аралығында қала халқының бір бөлігі сол жерде саудагер болып саудасын жүргізсе, енді бір бөлігі солардың тұтынушысы. Аптаның алты күнінде базар аумағында  арба-арба тиелген жүк те көп, халық та қарақұрым. Соның салдарынан көшелер­дегі жол кептелісі де жиілейді. Соның салдарынан жол тәртібі бұзылып, түрлі апаттар орын алады. Міне, аталған жағ­дайлар базарға өтетін жолдағы кедергілерден туын­дайды. Мәселенің парқына барып, жол бойындағы жағдай­ды оңтайландыру мақсатында ең қауіпті деген «Кенжехан» базарына өтетін жолайрықты жаңадан салынған жерасты өткелі алмастырды. Осы жөнінде нақтырақ төменде айтып өтеміз.

20Алматы базарына әуелден қажет заманауи тұрғыда салынған жерасты өткелі пайдалануға берілді. Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасының бастама­сымен қолға алынған нысан құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Оның жалпы құры­лысына 130 млн. теңге көлеміндегі қаражат жұмсалған. Халық игілігіне берілген өткел «Кенжехан» базарының маңында орналасқан. Бұл жерасты өткелі – базар аума­ғындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысан. Мұнда пандусқа да айрықша мән берілген. Өйтке­ні, арбасын тасыған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың да әрлі-берлі өтуіне еш қиындық туындамайды. Сондай-ақ, өткел іші толықтай жарықтандырылған.

– Көп жағдай базар маңында болып жатады. Кейбі­реулер асығып, көшенің бойынан жүгіріп өтеді. Мұндай жағдай көбінесе арба айдаған саудагерлерде де кездеседі. Міне, осы келеңсіздіктерді ескеріп, халықтың жолдан жүгір­мей, жерасты өткелімен өтсін деген және кептелісті азайту мақсатында салынып отыр. Бұл нысанда ұзындығы 38 метр, ені 4 метр болатын жерасты тонелі мен екі жақ бетінен екі кіреберіс қарастырылған. Алматы қаласы Автомобиль жолдары  басқармасы 2015 жылы 6  өткелдің құрылысын бастаған болатын. Оның бесеуі – жерүсті, біреуі – жерасты. Бүгінде қала бойынша 3 жерүсті өткелі қолда­нысқа берілген. Ал қала бойынша 119 өткел бар. Айта кетсек, Солтүстік айналым көшесі мен Бөкейхан көшесі­нің қиылысындағы жол көлік айналымы 2015 жылы бас­тал­ған болатын. Аяқталу мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айына белгіленген, – деді Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы жол инфрақұрылым бөлімінің басшысы Сағындық Келібаев.

Шаһарға жаңадан қосылған өткелдің қазіргі кейпіне базар аумағынан өтетін тұрғындар да дән риза. Өйткені, қала бойындағы кейбір өткелдерден өткің келмейді дейді олар. Ендігі кезекте сол тұрғындар қала келбетіне нұқсан келтірмей, тазалыққа аса мән берсе, жаңа нысан да жарқы­рап тұра бермек.

Керек дерек

Қала бойынша жерасты және жерүсті өткелдер саны – 119

2016 жылдың соңына дейін 2 жерүсті өткелі қолданысқа беріледі

Солтүстік айналым көшесі мен Бөкейхан көшесінің қиылысындағы жол көлік айналымы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *