«Жеті ғасыр шежіресі – Нұрлы жол»

Алатау ауданы «Қарасу» ықшамауданындағы №164 жалпы білім беретін мектепте, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 9 «а, ә, б, в» сыныптар арасында «Жеті ғасыр шежіресі – Нұрлы жол» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының жалпы мақсаты – оқушыларға Қазақ хандығына 550 жыл толғандығын, біртұтас қазақ мемлекетінің тарих сахнасынан нық орын алып, дәуірлеуі, саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандығын біріктіріп, жерін кеңейтудегі, халықаралық жағдайын нығайтудағы қазақ хандарының орасан зор еңбегі туралы жас ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде, оларға біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, кең жазира байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қастерлегенін, терең тамырлы тарихымыз, ту ұстаған қас батырларымыз бен көсемдеріміз, сөз бастаған шешендеріміз болғанын, тегіміздің мызғымас мықты екендігін осы ұрпаққа ұғындырып, мирас етіп қалдыру – біздің парызымыз.

Ашық сабақ барысында 9 «В» сынып оқушылары Н.Икрамқұл, Ә.Болатов, Д.Сырлыбай «Хандар кеңесі» көрінісін көрсетті, 9 «Ә» сынып оқушылары С.Серікханов, А.Құлахметов, Б.Оразбаев «Абылай хан» көрінісін, 9 «Б» сынып оқушылары «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезіндегі тарихи оқиғаларды қызығушылықпен сомдап, бар ынтасымен хандардың рөлін ойнап, көріністер көрсете білді. Көрермен қауым сол кездегі оқиғаны өз көзімен көргендей әсерде болды.

Осы іс-шараның мазмұнды өтуіне ұйытқы болған 9-сыныптың жетешілері Г.Әміреева, Р.Дүйсебекова, А.Сарина, А.Мәмбеталиева еңбегін ерекше атап өтуге болады. Өтілген тәрбие сағаты барлық оқушыларды ерекше сезімге бөлеп, жылы әсер қалдырды. Оқушылар өз ойларын, пікірлерін қоса білді.

Д.БЕЙҚҰТҰЛЫ,

Л.ЖИЕНАЛИЕВА,

№164 ЖББМ директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *