«ЖасSTAR» жарқырайды!

Шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі – Елбасы Қорының дарынды қазақстандықтарды қолдауға және дамытуға бағытталған жарқын жобаларының бірі. Жыл сайын оған Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ жақын және алыс шет елден келген  спикерлер қатысады. Бірнеше жыл бойы олар еліміздің шығармашыл жастарымен өз тәжірибелерін және дағдыларын бөліседі.

Биылғы жылы «ЖасSTAR» фестиваліне он жыл толды. Осы уақыттың ішінде Тұңғыш Президенттің Қоры мәдениет және креативтік индустрия саласында бірқатар жас маман саңлақтарын өсіріп тәрбиеледі. Фестивальдің арқасында көптеген қатысушылар кәсіби өнер әлеміне жол ашты. Ал жоба Қазақстанның дарынды жастарының жиналатын орталығына және оңтүстік астананың визиттік белгісіне айналды.

Сүйікті фестивальдің онжылдығына байланысты, Алматы қаласының бас концерт залының сахнасында республиканың шығармашыл жастары «Broadway musіcal shows» атты үлкен шоу ұсынады. «ЖасSTAR» фестиваліне қатысушылар, Тұңғыш Президент Қорының лауреаттары, гранттар мен стипендияларының иегерлері әлемдік мюзиклдардың хиттарын орындайды.

Мюзкл таңданарлық сұлулығымен қатар,  күрделі сахналық жанрдың бірі болып табылады. Мюзикл қойылымы музыка, хореография және театр өнерімен үндеседі. Осындай бір шоудың шығармашылық бағыттағы синтезі өршіл әрі дарынды жас мәдениет қайраткерлері үшін зор сын-тегеурінге айналды. Олар «ЖасSTAR» фестивалінен алған әсерлері мен шабыттарын 12 қарашада көрсетеді.

«Broadway musіcal shows» концерті – Қордың шығармашыл жастармен табысты жұмысының кезекті нәтижесін көрсететін тұсаукесері. Келесі жылдан бастап «ЖасSTAR» фестивалі өзінің дамуында жаңа белестерге көтеріледі деген сенімдеміз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *