ЖАС ВОКАЛИСТ МӘДИНА ОРАЗБАЙ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Жамбыл атындағы Қазақ мем­лекеттік филармо­ния­сының  Үлкен концерт залын­да 2019 жылғы 3 сә­уірде Жас­тар жылы  аясында клас­сикалық опера музы­касынан  концерт өтеді.

Бұл шараның  басты ұйым­дас­тыру­шысы – «Жанды дауыс» мәдени орта­лығы (жетекшісі – Анархан Оразбай). Концертте  «Ресей–Мәдениет» телеар­насының «Үлкен опера» жобасының жүлдегерлері: Өзбек­станның халық әртісі, Әлішер Навои атындағы Үлкен театр солисі  Рамиз Османов, Грузияның республикалық конкур­сының жеңімпазы, З.Палиашвили атындағы  Тбилиси  мем­лекеттік опера және балет театрының солисі Марика Мачи­тидзе, Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, «Ас­тана–Опера»  мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі, Totі dal Monte (Тревизо, Италия) халықара­лық кон­курсының жеңімпазы, вокалистердің халықаралық конкур­сының Гран-При иегері, «Құрмет» орденінің кавалері Сүндет Байғожин, сондай-ақ жас вокалист, бірнеше халықаралық конкурстардың лауреаты Мәдина Оразбай  өнер көрсетеді.

Бұл ретте алматылық  жас өнерпаз Мәдина Оразбай  ту­ралы ерекше атап өткіміз келеді. Кейінгі жылдары көпшілікті өзінің  дарынымен, өнерімен тәнті етіп, Алматының ару айы­мына айналып үлгерген Мәдина Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1-курс студенті. Жас та болса  талантты қызымыз бірқатар  республикалық және халық­аралық кон­курс­тардың  лауреаты болып үлгерді. Ермек Сер­кебаев атындағы  Мәдениет пен өнерді қолдау қорының өкілі әрі стипендиаты. Рахима Жұбатұрованың  классикалық әншілерінің І халық­аралық конкурсының Гран-При иегері, «Таланттар салюті» (Ресей) халықаралық конкурс-фести­валінің І жүлдесінің лауреаты, «Fіestalonіa» (Испания) халықаралық конкурсының жүлдегері. Санкт-Петербордағы  Елена Образ­цованың  жас вокалистерінің VІ халықаралық конкурсында «Орыс компо­зиторы шығармасын  үздік орындағаны үшін»  арнайы сыйлыққа ие болды.

Концерт кешкі  19.00-де басталады. ҚР Мемлекеттік ака­демиялық симфониялық оркестрінің дирижері – Ерболат Ахмедьяров. Кештің  жүргізушісі – Рафаэль.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *