Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

2014 жылдың 4 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің  дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Борбасова, магистранттардың эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Дінтану» мамандығы 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен Ресейден келген тарих ғылым­дарының кандидаты, буддизмтанушы Елена Валерьевна Леонтьеваның  «Путеводитель по буддизму» атты еңбегінің тұсаукесері болды. 

Тұсаукесердің негізгі — мақсаты әлемдік діндердің бірі болып табылатын буддизм дінінің тарихымен дінтанушыларды кеңінен таныстыру және оны зерттеуге мүмкіндік ашу болды. Елімізде буддизм дініне байланысты кітаптар өте аз болғандықтан, буддизм өзінің деңгейінде зерттелмей қалғаны рас. Оқырмандар арасында ерекше қызығушылыққа ие болып келе жатқан «Путеводитель по буддизму» энциклопедиясы осы кемшіліктерді толтыру мақсатында жасалған бір қадам деуге болады. Осы еңбекте буддизм тарихы, философиясы мен  географиялық таралу аумағына байланысты мәліметтер ғылыми объективтік тұрғыда жазылған. Автор кітапты жазу методикасын қысқаша түсіндіре отырып, буддизмнің философиясымен таныстырып өтті. Оқырмандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Бұл кітап Ресейде және Орта Азияда үлкен сұранысқа ие болды, ал елімізде осы тұсаукесерден кейін өз деңгейінде қарастырылады деген ойдамыз.

Бұл іс-шараға кафедраның ұстаздары, магистранттары, студенттері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.  Кездесу жоғары деңгейде өтті.

Ұлан МусадыҚ, Азат ҮКІбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің  дінтану мамандығының магистранттары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *