Қытайда неге төртінші қабат жоқ

Қытайлықтар бізге қарағанда символизмге аса терең мән береді. Мұнда әр санның өз ерекшелігі бар. Оның үндестігі, орналасу тәртібінің өзіне мән беріледі. Әрине, бәрі бір санынан басталады.

Екі саны жұпты білдіреді. Мәсе­лен, ер мен әйел, яғни инь, ян. Алты саны бақытты бағамдаса, ең керемет сан, ол – сегіз. Байлық, табыс, 8 бағыт­­та еркін қозғалыс, яғни адамның алдынан бәрі ашылады деген сөз. Мәселен, 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадалық ойындардың ашылуы­ның 8 тамыз кешкі сағат 8-ге, 8 минут, 8 секундта өтуі де осы ырымға сен­гендіктен. Алайда, оларда бақытсыз деп есептелетін де сандар бар. Бұл ретте төрт санында қарама-қайшылық көп. Бір жағынан қара­ғанда ол дүниенің төрт бұрышы, жылдың төрт мезгілі дегенді ұқтырса, қытайлықтар үшін өлімді елес­тетеді, сондықтан олар күн­делікті өмірде бұл саннан алыстау болған­ды қалайды. Мәселен, теле­фон, көлік нөмірінің 4 саны болғанын қаламайды. Кейбір қонақ­үйлер мен бизнес орталық­тарында 4-қабат деген көрсетілмейді, оның орнына 3 А, 5 А деп белгіленеді. Есе­сіне «44» санын ұнатады, себебі бұл екеуінің қосын­дысынан 8 шығады ғой. Сондай-ақ, қытайлықтар 13 саны­нан да аяғын тар­тып жүреді. Себебі, 1 мен 3-тің қо­сындысынан төрт шығады ғой. Соны­мен қатар, 14-те ажал саны деп қа­был­данады, оның орнына 15 А, 15 В санын қолданады.

Кім білсін, бәрі де бір Құдайдың құдіретінде ғой.

 

Қ.ИМАН. 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *