Технологияның келешегі Кемел

Алматы технологиялық университетінде «Тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Рая ЕСКЕНДІР

Конференцияға шетелдік жетек­ші ғалымдар мен мамандар, ғылым және білім қоғамдастық­тарының өкілдері, Қазақстан және ТМД елдерінің кәсіпорындары қатысты. Пленарлық отырысты АТУ-дың бірінші проректоры, профессор Бауыржан Нұрахметов құттықтау сөзімен ашты. Баяндамашы тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақ­жайлылық индустриясына инно­вациялық жобаларды енгізудің маңыздылы­ғына, сондай-ақ ғылым мен бизнестің өзара тығыз байла­нысының өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар, Новосибирск технологиялық институтының (Ресей) «Киім технологиясы және дизайны» кафедрасының меңгеру­шісі Наталья Мокеева, Воронеж мемлекеттік инженерлік-техноло­гиялар университетінің (Ресей) «Жануар текті өнімдер техноло­гиясы» кафедрасының профессоры Людмила Антипова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Әзірет Шыңғысов және «ЭФКО» компаниясының сатылым­дарын технологиялық сүйемелдеу жөніндегі сертификатталған менед­жері Мария Попова баяндама жасады.

Пленарлық отырыстан кейін қонақтар 4 түрлі тақырыптағы секциялық басқосуға қатысты. Секцияларда ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақ­жай­лылық индустриясының экономи­калық жағы, технологиялық үдеріс­терді ақпараттық-коммуникациялық басқару мәселелері талқыланды. Пікір алмасу барысында аталған салалардың маңызды мәселелерін шешу жолдары мен әрі қарай зерт­теудің кең бағыттары қарас­тырылды.

Конференцияның екінші күнінде «Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі халықаралық стандарттардың рөлі» және «Жеңіл өнеркәсіп үшін ғы­лыми және педагогикалық кадрлар­ды даярлаудағы қазіргі заманғы үрдістер» тақырыптарында «Дөң­гелек үстел» өтті.

Конференция жұмысының қоры­тындысында тағам және жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлылық индуст­риясының даму мәселелері бойынша халықаралық ғылыми ынты­мақтастық тәжірибе жалға­сын табады деген шешім қабыл­данды. Сондай-ақ, конференцияға қатысу­шылар мен Start-up жоба­лары байқауының жеңімпаздары – «ІT Solutіons center” АТУ команда­сына сертификат табыстау рәсімі өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *