Ұмытылып бара жатқан дәстүр - «Қымызмұрындық» қайта жаңғырды

Ұмытылып бара жатқан дәстүр  - «Қымызмұрындық» қайта жаңғырды
Сурет: Check-point.kz

Ақмола облысының тұрғындары бие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімін атап өтті. 

  «Қымызмұрындық» дәстүріне сай, жиналғандар қымыз ішуден жарысты. 5 минуттың ішінде 10 тостағанды сіміріп, «Жыл көлтауысары» атағы үшін таласты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сілтеме жасап. 

Қазақ халқының болмысы көрініс тапқан шарада ұлттық ойындардан да жарыс өтті. Шабандоздар бәйгеге түсіп, палуандар белдесіп, көкпар тартты.

"Бұрын мұндай болмаған шынын айтқанда. Қазір бүкіл ауданның халқы атсалысып, көптеген қостар тігілді. Биелерді байлап келіндер сауып көрсетіп жатыр тіпті, ұмытылып кеткен дәстүрлерді", - дейді Қорғалжын ауылының тұрғыны Амангелді Аужанов.

"Көкпарға 80-90 ат қатысты. Ақмола облысының түкпір-түкпірінен палуандар осы көкпарға қатысты. Аламан бәйгеге (25 шақырым) 30-40 ат қатысты", - дейді Шалқар ауылының тұрғыны Мұрагер Ахметбеков.

Қазақтың «қымызмұрындық» дәстүрі «бие байлау» мен «айғыр қосу» жоралғыларымен бірге 2018 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларының тізіміне енген.