Технологияға қызығушылық артып келеді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айрылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақ­станның игілігіне жарату жолын­дағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

Жетісу ауданындағы №43 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатыс­уы­мен Елбасы мақаласын насихаттау бағы­тында «Ұлттық сана-сезім – ұлт жадының тұғырнамасы» атты тақырыпта кездесу кеші өткен еді.

Шараға «Интеллект Инкубатор» әлеу­меттік институтының негізін қалаушы, «Білге» халықаралық мек­тептерінің құрылтайшысы, «Іnnovatіve Kazakhstan» компаниясының директоры Садық Шерімбек шақырылды. Мектеп оқушы­лары қызықты әрі маңызды тақырыптағы кездесу кешіне қызығу­шылық танытты. Ақпараттық техноло­гиялар саласын тәмамдаған Садық Шерімбек бүгінде Үндістан елінде тех­нологиялық жетіс­тіктері мол компа­ниямен бірлесе жұмыс атқаруда екен. Еліміздің технологиялық әлеуетін арттыратын жобаларды жүзеге асыруды мақсат еткен Садық өзінің тех­ника саласына қалай келгені туралы сөз бастап, әңгіме арқауын ІT саласының бүгі­ні, болашақтағы даму жолы мен маңы­зына бұрды. Оған қоса, Садық Шерімбек үнді еліндегі техникалық жетістіктерді де са­лыстырмалы түрде баяндап берді. Еңбекті роботтандыру, бағдарламалар жазу, ІT саласының әрбір ғылымдағы орны мен маңыздылығы, өндіріске тех­никалық жаңалық енгізу, қандай маман­дық таңдау, технократты елге айналу секілді тақы­рыптар да кездесу кешінде әңгіме бары­сына арқау болды. Еркін форматта өткен шарада оқушылар да өздері қызыққан мамандық, технология мен ІT саласы төңірегіндегі сұрақтарын қойды.

 

М.АСУБАЕВ,

№43 мектебінің  тарих пәні мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *