Талғат НҰРҒОЖИН, С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, медицина ғылымының докторы, профессор: Бұл бағдарламаның бізге артар жүгі де салмақты

Қала басшысы Б.Сағынтаевтың  Алматы қаласын 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын жариялауы  «Бұл  менің қалам, менің құтты мекенім» дейтін отансүйгіш азаматтар үшін үлкен жаңалық болды десем, артық болмас.  Осыған дейін де қаланы көркейту, оны әлем қалаларының қатарына қосу жөнінде бағдарламалар болды, дегенмен «Алматы–2050» бағдарламасы  жаңа Алматының  болашағын  болжап, келісті келешегінің әдемі суреттерін көз алдымызға елестетіп, сол күндерге жетуге әрқайсымызды  ынтықтырған  бағдарламалардың бірі болып отыр  деуге болады. Бұл бағдарламада қалада  лайықты өмір сүрудің барлық баптары қарастырылған. Шетсіз қала жасаудан бастап, адам капиталын дамыту, халық денсаулығын қамтамасыз ету мәселесі  де «Алматы–2050» стратегиясының алдыңғы қатарлы міндеттерінің бірі болып отырғаны бізді қуантады әрі  денсаулық сақтау саласында жүрген медицина қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Біздің оқу орны осы салаға мамандар даярлайтын болғандықтан, «Алматы–2050» бағдарламасы бізге екі  есе, тіпті одан да көп жауапкершілік жүктеп отыр деуге болады. Өйткені, халықтың денсаулығының  ең басты қорғаушысы дәрігер. Сол себепті, біздің ең басты міндетіміз – білімді де білікті мамандар даярлау арқылы ең үздік әлемдік  тәжірибе деңгейінде барлық медициналық қызметтермен тұрғындарды қамтамасыз ету  болып табылады.  Біздің университет    медицина саласына қажетті мамандар даярлау бойынша әлемдегі ең үздік университеттер қатарында болғандықтан, шет елден келіп білім алатын студенттер қатары да көп. Ал сырттан келіп оқитын шетелдік  жастар үшін Алматының  ақылды, қала қауіпсіз,  тең мүмкіндіктер қаласы болуы,  жасыл қала, жаһандық іскерлік орталықтардың,  мәдени креативті қала болуы үлкен мақтаныш.  Қазақта «ауылына қарап, азаматын таны» деген сөз бар. Осы жетістіктер арқылы болашақта Алматыны әлемнің төрт бұрышы түгел таниды деп білемін.  Медициналық туризмнің орталығы болатындығы да  айқын. Өйткені, қазірдің өзіне Алматы медициналық туризм дамыған елдер  қатарында келеді.  Ал бағдарламада аталған балабақшадан бастап саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары жанында қадамдық қолжетімділікте денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің және спорт клубтарының желісін дамыту, қала тұрғындарының дене және психикалық денсаулығын нығайтуға және дамытуға көмектесетін «Денсаулық орталықтарын құру» туралы бастамаларына қолдау білдіреміз және оны жүзеге асыруға  өз  үлесімізді қосамыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *