ТҰРҒЫНДАР ТЫҒЫЗ ОРНАЛАСҚАН АУДАН

Ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Сайран Сайфеденов, Әуезов ауданының әкімі

 

Әуезов ауданының аумағы – 2,3 мың га. құрайды. Қаланың тұрғындары ең тығыз шоғырланған аудандарының бірі болып есептеледі, тұрғындар саны – 301,6 мың адам.

Экономика

2019 жылы мемлекеттік бюджет кірісі аудан бойынша 107.5 млрд. теңгені құрады, болжам 100 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық – 73,8 млрд. теңге, жергілікті – 33,7млрд. теңге (2018 ж. – 90,9 млрд. тг., РБ – 61,5 млрд. тг., ЖБ – 29,4 млрд.  тг.).

Ауданда барлығы 17 мың 88 заңды тұлға тіркелсе, оның 10 368-і жұмыс істейді.

2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020», «2017 – 2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»  және «Жібек жолы» бағдарламалары аясында, ауданның кәсіпкерлерімен 37 ақпараттық-түсіндірмелі және 41 көшпелі жиналыс өткізілді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 50 жаңа жұмыс орнын құрумен бірге 2,1 млрд. теңгеге 35 жоба жүзеге асырылды.

«Менің кәсібім» жобасы бойынша қазіргі кезде өз кәсіпкерлік жобаларын сәтті жүзеге асырып жатқан 10 көпбалалы және аз қамтылған аналар қажетті тауарлармен және жабдықтармен (тігін машинкалар, нан пештері, мұздатқыштар, тырнақ әшекелеуге арналған құралдар, материалдар және т.б.) қамтамасыз етілді.

«Бизнес Бастау» кәсіпкерлік негіздері бағдарламасы бойынша 122 адам, оның ішінде 85-і көпбалалы ана оқып шықты.

«Еңбек» 2017–2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша аудан бойынша 216,1 млн. теңгені құрайтын 17 шағын несие беріліп, 290 адам грант алды (әрқайсысы 505 мың теңгеден).

 

Өнеркәсіп

Ауданда «Алматы нан» ЖШС, «Белкамит СП» АҚ, «Кастинг» ЖШС, «Ақсай-Нан НТК» ЖШС және «TeaHouse» ЖШС сияқты 13 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда.

Өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі 114,3 млрд. теңгені құрады, физикалық көлем индексі (ИФО) – 104,4%  (2018 ж.– 99,1 млрд. тг.).

 

Инвестициялар

2019 жылы негізгі капитал инвестициясы 66,6 млрд. теңге немесе 93,1%, былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда (2018 ж. – 69,2 млрд. тг), қала шегінде негізгі капиталға инвестиция үлесі 7,3 пайызды құрайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі – 443,6 млрд. теңге, былтырғы жылдың еселі кезеңіне 104,6% (2018 ж. – 342 млрд. теңге).

Көтерме тауар айналымының көлемі – 1,2 трлн. теңге (2018 ж. – 789,1 млрд. теңге).

 

Жұмыс орындары

2019 жылы 5 505 жаңа жұмыс орны құрылып, жоспар 110,1% орындалды.

Аудан бойынша жұмыссыздар деңгейі 5,2% болды, бұл көрсеткіш 2018 ж. – 5,3%.

2019 жылы Алматы қ. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 4373 адам қамтылды (2018 ж. – 3357 адам), оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 123 адам (2018 ж. – 127), жастар практикасы – 123 адам (2018 ж. – 228), қоғамдық жұмыс – 506 адам (2018 ж. – 473), тұрақты жұмыс орынға – 2675 адам (2018 ж. – 2204), қысқа мерзімді оқуға 400 адам жіберілді, 25 адам шағын несие, 521 адам грант алды.

«Жұмыспен қамту» мәліметтер базасында 710 адам жұмыссыз ретінде тіркелді (2018 ж. – 1039 адам).

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) аз қамтылған 7729 алушыға (1587 арызданушы) 912,0 млн. теңге төленді (2018 ж. – 290 алушы (67 арызданушы), 18,8 млн. тг.

АӘК-тің орташа көлемі отбасының 1 мүшесіне 9 832 теңгені құрайды (2018 ж. – 5411 млн.тг.).

«Бақытты отбасы» орталығында 6100 қызмет көрсетіліп, 1135 адам тіркелді. 42 көпбалалы отбасыға тұрғын үй алу үшін сертификаттар берілді, 150 көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді.

Аз қамтылған отбасылардың 3423 мектеп оқушылары мен 94 балабақшаның балаларын тамақпен қамтуға 172,8 млн. теңге бөлінді.

406 алушыға 4,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді (2018 ж. – 516 алушы (433 арызданушы), 6,3 млн. тг.

 

Денсаулық сақтау

Аудан аумағында 3 мыңға жуық медициналық қызметкер істейтін 11 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық мекеме бар. 2016–2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтаудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы ауданда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 175-тен астам профилактикалық іс-шара өткізілді.

Тұрғындарға медициналық қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Мамыр» ы/а бір ауысымда 100 адам қабылдайтын бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пунктінің құрылысы жоспарланды. Қазіргі кезде жер телімі анықталып, ЖСҚ дайындалуда.

Сонымен қатар, 2020 жылдың ақпанында «Таугүл» ы/а дәрігерлік амбулаторияның ашылуы жоспарлануда.

 

Білім беру

Ауданда 42 орта білім беру ошағы бар. Оның 10-ы жекеменшік, 32-і мемлекеттік мектеп. Жалпы оқушылар саны 48 мың оқушыны құрайды. 6 494 орын жетіспейді. Оқушы орнының тапшылығын азайту мақсатында «Мамыр-1» ы/а 1200 орынды мектеп құрылысы жүргізілуде (нысан келесі оқу жылына тапсырылмақ). Сондай-ақ, 450 орынға арналған №123 мектепке жапсыра салынған үйдің құрылысы жүріп жатыр. №153 мектептің сейсмонығайтуымен қоса, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Бұл жұмыстар нәтижесінде, оқушы орындарының тапшылығы 1650-ге қысқартылып, 4844 орынды құрады. Ауданда 15583 баланы қамтитын 46 мемлекеттік (11217 бала) және 117 жекеменшік (4366 бала) мекеме бар.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекетпен 63 жекеменшік балабақша бірлесе қызмет жасайды. «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаларда 3 149 баланы күтіп-бағу үшін бюджеттен 804 844 мың теңге бөлінді. 2019 жылы 418 орынды 26 балабақша ашылды. 2020 жылға 220 орынға 9 балабақшаның ашылуы жоспарланды.

Ауданда 6 ЖОО жұмыс істейді. Оның біреуі мемлекеттік, 5-і коммерциялық және жекеменшік.

Студенттердің жалпы саны – 8836, 951 орынды қамтитын 4 жатақхана бар.

Ауданда 15 мың оқушыны қамтитын 21 арнайы орта оқу орны мен 1475 орынды қамтитын 10 жатақхана бар.

 

Мәдениет және спорт

Аудан аумағында 24 мәдени-демалыс орталықтары бар. Олардың 1 театр, 1 парк, 5 кинотеатр, 3 кітапхана, 8 аула клубы, 3 музыка мектебі және 3 мемлекеттік спорт мектептері.

2019 жылы мәдениет және тілдерді дамыту саласында 350-ден астам түрлі қоғамдық-мәдени, спорттық іс-шаралар өткізіліп, оларға 148300 адам қатысты. 2019 жылы денешынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ауданда 264 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға  ауданның 301600 тұрғынынан 9300 адам қатысты.

Сондай-ақ, спорттық дәрежесі мен біліктілік санатын беру бойынша 447 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 412 қызмет алушыға берілді, 35-нен бас тартылды.

 

Тіл дамыту

2019 жылы Қазақстан Республикасында 2011–2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қызмет істеу бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамыту мақсатында келесі жұмыс атқарылуда:

–       Құжаттамаларды мемлекеттік тілде жүргізу үрдісі;

–       Мемлекеттік тілді меңгеру үшін қажетті технология­лармен жабдықталған қазақ тілі кабинеті бар.

2019 жылы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдеден №151-І «Қазақстан Республикасында тілдер туралы» Заңының нормаларын түсіндіру бойынша қызмет көрсету саласында 150 нысанда түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді (21-бабына сәйкес бланктер, маңдайша жазулар, хабарландарулар, жарнама, прейскурант, бағалық, басқа көру ақпараттар мемлекеттік және орыс тілдерінде қажет болған жағдайда басқа тілдерде де жазылады).

Құрылыс

2019 жылы қолданысқа 83 345,4 шаршы метр тұрғын үй берілді, оның ішінде   МЖД – 75045,4 шаршы метр, ЖТҮҚ – 8300 шаршы метр.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі – 25,0 млрд. теңгені құрады.

 

Ескі тұрғын үй

«Ескі тұрғын үй» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бері 18 ескі үй сүрілді және олардың орнына 8 үй тұрғызылды,  1 үй 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ауданда 76 ескі үй қалып отыр. 5 үй бұзылуда. 5 үй бойынша жобалау сметалық-құжаттама әзірленуде. Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

 

Сумен жабдықтау және су кәрізі бойынша

Бүгінде тұрғындар ауызсумен толық қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, жеке сектордағы 29 көшеде (1367 үй) орталық кәріз жоқ. Оның ішінде 12 көшеде сомасы 334 млн. теңгені құрайтын кәріз құрылысына арналған жоба бар, жұмыстар келесі жылға жоспарланған. Осы бағытта жұмыс жалғасатын болады.

 

Газбен қамту

Аудан табиғи газбен толығымен қамтылған. 2019 жылдан бастап орталық газ құбырларына қосылмаған 27 үй бар. 2019 жылдың ішінде 20 үй қосылды, оның 4-і мердігерлер қаражаты есебінен, аз қамтылған отбасылар. 7 үй бойынша жұмыс жалғасуда.

 

Арық желілерін жӨндеу бойынша

Арық жүйесінің жалпы ұзындығы – 108,5 шақырым. Ағымдағы жылы 6 шақырым арық жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, 42,8 шақырым арық желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде арық жүйелерінің ұзындығы 151,3 шақырым құрайтын болады.

 

КӨлік бойынша

Ауданда күн сайын 900-ден астам автобус пен троллейбус 64 бағытта қызмет көрсетеді.   Тұрғындардың сұранысы бойынша 2019 жылдың қазан айынан бастап №92 бағыт бойынша 20 жаңа автобус (12 метрлік) іске қосылды. Төле би көшесінің бойында (Яссауи көшесінен Шығыс айналма жолына дейін – 10 шақырымнан астам) қараша айынан бастап жаңа №206 бағыт іске қосылды, оған 10 электр автобусы қызмет көрсетеді. Ауданда 1 метрополитен стансасы орналасқан: «Мәскеу» стансасы және құрылысы жүріп жатқан 2 станса «Сары Арқа» және «Достық» бар.

Метро стансасында жолаушылар ағынының деңгейі жұмыс күндері – 45 мың, сенбі күні – 25 мың адам, жексенбі күні – күніне 10-15 мың аралығында.

 

Жарықтандыру

Ұзындығы 377 шақырымды құрайтын 11 мыңнан астам жарық нүктелеріне қазмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2019 жылы «Баян-ауыл», «Алтын бесік» ықшамаудан­дарында, сонымен қатар, даңғылдар мен көшелер (Алтынсарин, Абай, Өтеген батыр, Сейтжанов, 8 ы/а) 469 жарық нүктелері орнатылды. «Достық» ы/а сыртқы жарық желісінің құрылысы аяқталу сатысында. Ұзындығы 73 шақырымды құрайтын, 209 көшені өтетін жолдар мен тар көшелерді, сонымен қатар, 136 аула аумағын жарықтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

 

Құқық тәртібі

Ауданда күнделікті жаяу патрульдеуге 128 қызметкер кіріседі. Аудан бойынша 14 603 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Барлығы 2019 жылы 8825 құқықбұзушылық тіркелді және 12,1%-ға төмендетілді. Қылмыстың 35 түрінен төмендеу байқалады. Қылмысты ашу пайызы 22,5-тен 24,6-ға ұлғайды. Аудан аумағында қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында 26 «Сергек» кешендері орнатылды.

Криминогендік жағдайға сәйкес, ауданда 5 модульдік полиция пункті (Абай даңғ. Алтынсарин даңғ.қиыл., Төле би көш. мен Момышұлы көш.қиыл., Пятницкий мен. Шалов көш.қиыл., Момышұлы және Жұбанов көш.қиыл., Төле би мен Фуркат көш.қиыл.) орнатылды.

Қазіргі кезде 1486 көпқабатты үйлер бейнебақылаумен жабдықталып, 1048 қауіпсіз аула ұйымдастырылды. Барлығы 7 555 бейнебақылау камералары орнатылды.

Алты жылдың ішінде орнатылған бейнебақылау камераларының саны 22,0%-ға көбейді.

 

Әуезов ауданының әкімі С.Сайфеденовтің тұрғындармен есептік кездесуінің 2020 жылға арналған

ЖЕЛІЛІК КЕСТЕСІ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *