«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!»

әдеби және тарихи-танымдық байқауы өтеді

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы мектеп оқушылары (6-10 сынып) арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы өтеді.
Байқау 5-15 қыркүйек аралығында аудандық деңгейде және 28 қыркүйекте қалалық деңгейде (мәре) ұйымдастырылады.
Байқауда қатысушылар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мазмұнын түсіндіріп, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс.
Шараның басты мақсаты:
— балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
— өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
— балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;
-дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;
Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
І орын (біреу) – 1 500 000 теңге;
ІІ орын (біреу) – 1 000 000 теңге;
ІІІ орын (біреу) – 500 000 теңге.
Ал, осы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) ағылшын тілі курстарынан өтуге жолдама беріледі.
І орын (біреу) – 3 ай;
ІІ орын (біреу) – 2 ай;
ІІІ орын (біреу) – 1 ай.

Ұйымдастыру комитеті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *