ТҰЛҒАТАНУ ҮРДІСІ ҮЗІЛМЕЙДІ

Өз идеяларымен де, іс-әрекетімен де көпке темірқазық бола білетін дара тұлға­лардың орны қашан да бөлек. Қоғамдық санаға қозғау салатын да, үлгі-өнегесімен ел-жұртты соңынан ерте алатын да, адамның жанын ізгілендіріп, рухани баюға бағыт нұсқайтындар да – солар.

«Алматы ақшамы» тұлғатану мәселелеріне үнемі жіті көңіл бөліп келеді. Оқырман бұған «Тұлғатану», «Тұлға-тағдыр», «Адамдар. Жылдар. Тағдырлар», «Жарық жұлдыздар», «Бұрынғының адамдары-ай!» және т.б. тұрақты айдарларымыз арқылы көз жеткізе алады. Еліміздің кеу­десі қазынаға толы кемеңгерлерінің, қалам қайраткерлері мен сахна саңлақ­тарының, өнер майталмандары мен спорт сайыпқырандарының ғұмырындағы қызық­тар мен шыжықтар осы айдарлар аясында баяндалады.

Біз «Биыл кімдердің мерейтойы болады?» деген сауалға жауап іздеп, бірауық күнтізбеге үңілген едік. Босағамыздан бері аттап үлгерген 2020 жылы да газеттің тұлға­тану дәстүрі әрі қарай жалғаса бермек.

 

Қаңтар

10 қаңтарда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының иегері, ақын Әділғазы Қайырбеков 65 жасқа;

12 қаңтарда Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Сәбит Досанов – 80 жасқа, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бақыт Шадаева – 50 жасқа;

17 қаңтарда Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері, театр режиссері Хұсейін Әмір-Темір 80 жасқа;

18 қаңтарда Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері, театр және кино актері Иісбек Әбілмәжінов 65 жасқа;

19 қаңтарда ҚР Журналистика Акаде­миясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор Намазалы Омашұлы 70 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық әртісі, ұлттық театр өнері негізін қалаушылардың бірі Құрманбек Жандарбековтің туғанына 115 жыл (07.01), Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Ілияс Есенберлиннің туға­ны­на 105 жыл (10.01), ұзақ жылдар еліміздің мәдениет саласын басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Жексенбек Еркін­беков­тің туғанына 90 жыл (05.01), Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза-Әлінің туғанына 85 жыл (05.01), ел аузында «Өкіреш» атанып кеткен театр және кино актері Рахметбай Төлеубаевтың туғанына 85 жыл (22.01), Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, театр және кино актері Есболған Жайсаңбаевтың туғанына 80 жыл (14.01), ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 75 жыл (30.01), ҚР еңбек сіңірген артисі, театр және кино актері Тұрсын Құралиевтің туғанына 70 жыл (22.01), әйгілі спортшы һәм суретші Бексейіт Түлкиевтің туғанына 65 жыл (22.01) толады.

Ақпан

1 ақпанда ақын, журналист Жұмаш Сомжүрек 80 жасқа;

2 ақпанда Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин 80 жасқа;

4 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы Тынышкүл Сұлтан­бердиева 65 жасқа;

6 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Лейла Бекназар-Ханин­га және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері, ақын Бақытбек Смағұл – 60 жасқа;

10 ақпанда кинорежиссер, суретші Рүстем Әбдірашев 50 жасқа;

13 ақпанда Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Ескендір Хасанғалиев 80 жасқа;

15 ақпанда театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс 55 жасқа;

19 ақпанда ақын, журналист Қайырбек Асанов 75 жасқа толады.

Бұл айда ұлттық сахна өнерінің айтулы тұлғасы, театр және кино актері Рахметолла Сәлменовтің туғанына 120 жыл (20.02), қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшысы, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың туғанына 105 жыл (15.02), Қазақстанның халық артисі, әнші-актриса Күләш Сәкиеваның туғанына 100 жыл (15.02), Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл (10.02), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл (19.02), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, педагог Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына 90 жыл (23.02), жазушы Кәрібай Ахметбекұлының туғаны­на 80 жыл (12.02), ақын Тұрсынай Оразбае­ваның туғанына 70 жыл (19.02) толады.

Наурыз

6 наурызда Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, ақын Темірхан Медетбек 75 жасқа;

7 наурызда Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жыршы, фолькор­тану­шы-ғалым Берік Жүсіп 50 жасқа;

8 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Гүлбаушан Тілеу­беко­ва 60 жасқа;

9 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Бақыт­жан Әлпейісов 60 жасқа;

10 наурызда филология ғылымының докторы, профессор, сыншы, аудармашы Бекен Ыбырайым 70 жасқа;

13 наурызда Халықаралық Сәулет Акаде­миясының академигі, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, «Парасат» орденінің иегері, ғалым-инженер Әбдісағит Тәтіғұлов 80 жас­қа;

16 наурызда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер Ораз­хан Кенебаев – 70 жасқа;

18 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, театр және кино актері Төлеубек Аралбай 70 жасқа;

19 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр және кино актері Сердеш Қажымұратов 70 жасқа;

21 наурызда Мемлекеттік «Дарын» жас­тар сыйлығының иегері, жазушы Айгүл Кемелбаева 55 жасқа;

26 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, аудармашы Болат Бодаубаев 80 жасқа;

29 наурызда Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының және «Парасат» орденінің иегері, сықақшы Көпен Әмірбек пен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы – 70 жасқа толады.

Бұл айда ақын, әнші, композитор Нартай Бекежанұлының туғанына 130 жыл (26.03), халық ақыны, қарт шежіреші, фольклоршы Шәкір Әбеновтің туғанына 120 жыл (01.03), Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, актер, режиссер, әнші Қанабек Байсейітовтің туғанына 115 жыл (15.03), мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің туғанына 105 жыл (20.03), мемлекет және қоғам қайраткері Саттар Имашевтің туғанына 95 жыл (20.03), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылы­мының докторы, профессор, тілші-ғалым Шора Сарыбаевтың туғанына 95 жыл (02.03), Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 95 жыл (21.03), КСРО Мемлекеттік сыйлығы­ның иегері, техника ғылымының докторы, профессор, академик, жазушы Евней Бөке­товтің туғанына 95 жыл (23.03), Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ком­позитор Теміржан Базарбаевтың туғанына 85 жыл (13.03), Мемлекеттік сый­лықтың ие­гері, жазушы, драматург Қалихан Ысқақ­тың туғанына 85 жыл (14.03), тарих ғылы­мының докторы, профессор, академик, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Кеңес Нұр­пейісовтің туғанына 85 жыл (15.03), Қазақ­станның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Тұманбай Молда­ғалиевтің туғанына 85 жыл (20.03), Қазақ­станның халық артисі, театр және кино актері Құман Тастанбековтің туғанына 75 жыл (10.03), филология ғылымының докторы, профессор, тілші-ғалым Көбей Хұсайы­новтың туғанына 75 жыл (27.03), филология ғылымының докторы, әдебиеттанушы, сыншы Асқар Егеубаевтың туғанына 70 жыл (06.03) толады.

Сәуір

1 сәуірде А.Байтұрсынұлы атындағы сыйлықтың иегері, ақын, аудармашы, журналист Серікбай Оспанов 75 жасқа;

9 сәуірде Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының иегері, жазушы-сықақшы Ғаббас Қабышұлы 85 жасқа;

11 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы 70 жасқа;

14 сәуірде өнертану докторы, театр­танушы, профессор, педагог Бақыт Нұр­пейіс 50 жасқа;

18 сәуірде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының иегері, ақын, жазушы, журна­лист Әділбек Ыбырайымұлы 55 жасқа;

20 сәуірде қазақ футболының ардагері Асқар Қожабергенов 55 жасқа;

22 сәуірде Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова – 70 жасқа, ал Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, ән­ші, композитор Елена Әбдіхалықова – 50 жасқа;

23 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахимардан Әбілов 70 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл (13.04), Қазақстанның халық жазушысы Сәуірбек Бақбергеновтің туғанына 100 жыл (15.04), КСРО халық артисі, «Халық қаһарманы», күйші-композитор Нұрғиса Тілен­диевтің туғанына 95 жыл (01.04), жазушы, аударма­шы Жайсаңбек Молдаға­лиевтің туғанына 85 жыл (14.04), Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Адам Мекебаевтың туға­нына 80 жыл (19.04), саясаттану ғылымының докторы, профессор, демограф-ғалым Мақаш Тәті­мов­тің туғанына 80 жыл (30.04), Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының иегері, жазушы Ғабиден Құлах­меттің туғанына 65 жыл (14.04) толады.

 

Мамыр

5 мамырда жазушы Өмір Кәріпұлы – 80 жасқа, ал қазақ футболының ардагері, бапкер Сергей Волгин – 60 жасқа;

9 мамырда абайтанушы-ғалым, Мемле­кеттік сыйлықтың иегері, «Парасат» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлы – 90 жас­қа, ал Қазақ­станның мәдениет қайраткері, суретші Жеңіс Кәкенұлы – 55 жасқа;

10 мамырда жазушы, аудармашы, жур­налист Досан Жанбота – 85 жасқа, ал жазу­шы-сықақшы Алпысбай Боранбайұлы – 70 жасқа;

14 мамырда ардагер футболшымыз, бапкер Дмитрий Огай 60 жасқа;

23 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Жалғас Толғанбай 50 жасқа;

25 мамырда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт 75 жасқа;

26 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, актер Айдос Бектеміров 70 жасқа толады.

Бұл айда тарихшы-ғалым Мұсатай Ақын­жановтың туғанына 115 жыл (09.05), Қазақ тілі білімінің негізін салушылардың бірі, түркітанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Нығмет Сауранбаевтың туғанына 110 жыл (05.05), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ киносындағы алғашқы аударма мамандарының бірі, дубляж режиссері Майра Әбусейітованың туғанына 95 жыл (01.05), Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл (15.05), Ж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әнуар Әлімжановтың туғанына 90 жыл (12.05), Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Оразақын Асқардың туғанына 85 жыл (16.05), Олимпиадада топ жарған тұңғыш қазақ желаяғы, Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановтың туғанына 85 жыл (25.05), волейболдан Еуропа чемпиондары кубогының иегері, Әлем кубогының жеңімпазы, КСРО чемпионы Жәнібек Нығметұлы Сауранбаевтың туғанына 80 жыл (05.05), жазушы, журна­лист, ұстаз Жақсылық Самитұлының туғанына 80 жыл (08.05), ақын, аудармашы, журналист Есенбай Дүйсенбайұлының туғанына 80 жыл (15.05), «Парасат» орденінің иегері, әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаровтың туғанына 80 жыл (18.05), ақын, аудармашы Бақыткерей Ыс­қақтың туғанына 75 жыл (09.05), Қазақ­станның еңбек сіңірген артисі, «Ла Скалада» ән салған тұңғыш қазақ әншісі Амангелді Сембиннің туғанына 75 жыл (09.05), Қазақ­станның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор, дирижер Сейдолла Бәйте­рековтің туғанына 75 жыл (10.05) толады.

Маусым

1 маусымда Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайрат Байбосынов 70 жасқа;

3 маусымда Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, ақын, журналист Болат Шарахымбай 60 жасқа;

10 маусымда жазушы, драматург, «Құрмет» орденінің иегері Тынымбай Нұрмағамбетов 75 жасқа;

15 маусымда жазушы, әдебиеттанушы-ғалым Нұрдәулет Ақыш – 70 жасқа, ал «Фо­то­өнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, фо­тосуретші, ұстаз Асылхан Әбдірайымұлы – 60 жасқа;

17 маусымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер Асқар Найман­таев 55 жасқа;

18 маусымда жазушы, драматург Елен Әлімжан 75 жасқа;

24 маусымда филология ғылымының докторы, профессор, академик, фольклор­танушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасов 80 жасқа;

29 маусымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Бейбіт Дәлденбай 65 жасқа толады.

Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің туғанына 90 жыл (22.06), М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын Еркін Ібітанов­тың туғанына 85 жыл (04.06), филология ғылымы­ның док­торы, профессор, академик, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рымғали Нұрғалидың туғанына 80 жыл (01.06) толады.

 

Шілде

5 шілдеде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының иегері, жазушы Ахат Жақсыбай 80 жасқа;

6 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа;

7 шілдеде «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ақжол Мейірбеков 70 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық суретшісі, педагог, профессор Молдахмет Кенбаев­тың туғанына 95 жыл (25.07), композитор Темірәлі Бақтыгереевтің туғанына 70 жыл (23.07), бард-ақын, композитор Табылды Досымовтың туғанына 55 жыл (15.07), Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Ләззат Асано­ваның туғанына 50 жыл (27.07) толады.

Тамыз

5 тамызда тарих ғылымының докторы, ҚР ҰҒА академигі, шығыстанушы-тарихшы Болат Көмеков 80 жасқа;

10 тамызда қаржыгер, мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Дәулет Сембаев 85 жасқа;

22 тамызда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Қуандық Түменбай 65 жасқа;

28 тамызда футбол ардагері Сейілда Байшақов 70 жасқа толады.

Бұл айда экономика ғылымының докторы, профессор, академик Яхия Әубәкіровтің туғанына 95 жыл (18.08), Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының иегері, майдангер жазушы Қалмұқан Исабайдың туғанына 95 жыл (25.08), Қазақстанның халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хакімжан Наурызбайдың туғанына 95 жыл (27.08), Қазақстанның халық артисі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл (15.08), жазушы, аудармашы Тельман Жанұзақовтың туғанына 85 жыл (13.08), жазушы Сайымжан Еркебаевтың туғанына 85 жыл (30.08), жазушы, өнертанушы Таласбек Әсемқұловтың туғанына 65 жыл (01.08) толады.

 

Қыркүйек

1 қыркүйекте кинорежиссер, суретші Сәбит Құрманбеков 60 жасқа;

11 қыркүйекте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, театр режиссері Әубәкір Рахимов 70 жасқа;

12 қыркүйекте жазушы, публицист Толымбек Әбдірайым 65 жасқа;

18 қыркүйекте филология және өнертану ғылымының докторы, профессор, фольк­лор­танушы Тынысбек Қоңыратбай 65 жасқа;

20 қыркүйекте композитор, ғалым, жур­налист Бекжігіт Сердәлі – 60 жасқа, ал театр және кино актері Ғани Құлжанов – 55 жасқа;

22 қыркүйекте ақын, Мемлекеттік сый­лық­тың иегері Несіпбек Айтұлы 70 жасқа;

30 қыркүйекте Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, ақын Сабыр Адай 60 жасқа толады.

Бұл айда ақын, сықақшы, драматург Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 115 жыл (19.09), филология ғылымының докторы, профессор, түрколог Әуелбек Қоңырат­баевтың туғанына 115 жыл (10.09), Отан соғысының ардагері, көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл (05.09), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемле­кеттік сыйлықтың иегері, жазушы Рамазан Тоқ­таровтың туғанына 85 жыл (13.09), ақын, сықақшы Бейсебай Кірісбаев­тың туғанына 65 жыл (12.09) толады.

 

Қазан

1 қазанда тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы 90 жасқа;

2 қазанда суретші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбай 65 жасқа;

10 қазанда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 70 жасқа;

15 қазанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, педагог, профессор Ақыш Омар 65 жасқа;

16 қазанда театр режиссері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерсайын Тәпенов 70 жасқа;

17 қазанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова 50 жасқа;

19 қазанда медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сый­лықтың иегері Төрегелді Шарманов пен Қазақ­станның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, сықақшы Мыңбай Рәш – 90 жасқа;

20 қазанда қазақ футболының ардагері, спорт журналисі, комментатор Диас Омаров 80 жасқа;

28 қазанда кинорежиссер, сценарист Серік Апрымов 60 жасқа;

30 қазанда қазақ футболының ардагері Евстафий Пехлеваниди 60 жасқа толады.

Бұл айда қазақ сахна өнерінің негізін қалаушы­лардың бірі, әнші-композитор Иса Байзақовтың туғанына 120 жыл (03.10), Қазақстанның халық жазу­шысы, ақын Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 115 жыл (15.10), Қазақстанның халық артисі, қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, профессор, педагог Асқар Тоқ­пановтың туғанына 105 жыл (13.10), ақын, жур­налист, Отан соғысының ардагері Тоқаш Бердия­ровтың туғанына 95 жыл (19.10), Қазақ­станның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журна­лист Ұзақ Бағаевтың туғанына 90 жыл (16.10), сықақшы, журналист, ұстаз Үмбетбай Уайдиннің туғанына 85 жыл (10.10), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың туғанына 80 жыл (27.10), кинорежиссер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Елдар Оразбаевтың туғанына 80 жыл (11.10) толады.

 

Қараша

12 қарашада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Болат Әбділманов 60 жасқа;

14 қарашада Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш мүфтиі, дінтанушы Рәтбек қажы Нысанбайұлы – 80 жасқа, ал Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның иегері, жазушы Тұрысбек Сәукетай – 70 жасқа;

18 қарашада Қазақстанның халық артисі, опера әншісі, педагог Қорлан Қалиламбекова 75 жасқа;

20 қарашада жазушы, публицист, ғалым Бейбіт Қойшыбаев 75 жасқа;

22 қарашада Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, айтыс ақыны Надежда Лушникова 80 жасқа;

27 қарашада киноактриса, дубляж маманы, режиссер Гүлзия Белбаева 70 жасқа толады.

Бұл айда Алашорда көсемдерінің бірі, ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл (25.11), қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 125 жыл (24.11), музыка зерттеушісі, композитор Евгений Брусиловскийдің туғанына 115 жыл (12.11), филология ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 105 жыл (15.11), әдеби мұраларды жинаушы, журналист Гүлнәр Міржақып­қызы Дулатованың туғанына 105 жыл (04.11), ақын, аудармашы, журналист Жаппар Өмірбековтің туғанына 100 жыл (20.11), композитор Әбілахат Еспаевтың туғанына 95 жыл (25.11), Қазақстанның халық артисі, дирижер, ұстаз Алдаберген Мырзабековтің туғанына 90 жыл (14.11), тіл білімі саласының майталманы, филолог-ғалым Құлмат Өмірәлиевтің туғанына 90 жыл (10.11), ақын, Мемле­кеттік сыйлықтың иегері Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 85 жыл (28.11), тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, археолог Карл Байпақовтың туғанына 80 жыл (17.11) толады.

 

Желтоқсан

10 желтоқсанда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жазушы, журналист Несіп Жүнісбайұлы – 70 жасқа, ал кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов – 65 жасқа;

12 желтоқсанда мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор Мұхтар Құл-Мұхаммед 60 жасқа;

15 желтоқсанда философия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Досмұхаммед Кіші­беков – 95 жасқа, ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сықақшы Табыл Құлияс – 85 жасқа;

31 желтоқсанда филология ғылымының докторы, профессор, фольклортанушы Шәкір Ыбыраев 70 жасқа толады.

Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл (25.12), балалар жазушысы Өтебай Тұрманжановтың туғанына 115 жыл (15.12), Қазақстанның халық артисі, актер Сей­фолла Телғараевтың туғанына 110 жыл (14.12), Кеңес Одағының Батыры, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл (24.12), ҚР ҰҒА академигі, әдебиет зерттеушісі, сын­шы-ғалым Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 110 жыл (27.12), қазақ дубляж өнерінің негізін қалаушы, кинорежиссер Қуат Әбусейітовтің туғанына 95 жыл (06.12), Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, актер Матан Мұратәлиевтің туғанына 85 жыл (31.12) толады.

 

Әзірлеген – Сәкен Сыбанбай.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *