Сын сағатты еңсерудеміз

Мемлекетіміздің жарқын болашағы-өскелең жас ұрпақ. Ал мемлекетімізді жарқын ететін жеткіншектер білім мен ғылымға тәуелді екені шындық. Елдің басына түскен сын сағаттарда ұстаздар қауымы сүрінбей өтетініне сенімім мол.

Бүкіл дүние жүзінде жүріп жатқан індет біздің Елімізді де айналып өтпеді. Аты жаман індет жас-кәріге де қарап жатқан жоқ. Әр мемлекеттің басты құндылықтарының бірі-қоғамда өмір сүріп жатқан адамның денсаулығы. Сондықтан төтенше жағдайдың орнатылуы дұрыс шешім. Осы жағдайда әр жеке адам өз денсаулығын сақтай отырып, қасында жүрген жақындарын да сақтай алатыны сөзсіз.
Бұл жағдай 46 жылдық ұстаздық жолымдағы көрген ең алғашқы оқиғам. Бұрын соңды осындай қашықтан оқытуды біліп жүрсек те, денсаулығына байланысты кейбір үйінде отырған оқушыларға жұмысымызда қолданып жүрдік. Енді міне, бұл бүкіл Еліміздің және де сонымен бірге ұжымымыздың күнделікті өміріне айналып отыр. Осыған орай шыққан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, осы негізде одан әрі қарай Алматы қаласы Білім басқармасының « 2019-2020 оқу жылының IV тоқсанында Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша қадамдық нұсқаулыққа» сүйене отырып, Қ.А. Яссаууи атындағы №123 мектеп-гимназиясын басқарып отырған Ашимбаева Бағила Мәсімахынқызының жетекшілік етуімен ұстаздар қауымы еңбектің алдыңғы шебінде жүріп жатқандарын мақтанышпен айта аламын. Үй жағдайында отырсақ та мектеппен, оқушылармен байланысымыз үзілмей толассыз жүріп жатыр. Мектептің тыныс-тіршілігіне байланысты педагогикалық кеңес, апта сайынғы өтетін өндірістік жиналыстар «ZOOM» платформасы арқылы видеоконференциялар түрінде байланысу күнделікті өмірімізге айналып келеді.
Міне, көзді ашып-жұмғанша,- дегендей IV тоқсан басталғалы бері, оның екіші айы да артқа еңсерілуге жақын. Оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды.Мен оқушы-ларға аса ауыр қиындықтар туып жатқан жоқ деп ойлаймын, себебі, техниканың дамыған заманы, олармен тез байланысуға мүмкіндіктердің бұрынғыдан мол екені қуантады. Әр ата-ана өз балаларына қашықтан білім алуына бар мүмкіндіктерін жасап жатыр, ал енді техника жағынан қиналаған оқушыларды сынып жетекшілері арқылы анықтаған жағдайда, мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан уақытша пайдалануға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр.
Биология пәнінен өзім сабақ беретін 7 сынып оқушыларымен әркімге қолжетімді kundelik kz, WhatsApp желілері арқылы сабағымды қашықтан оқытуды ыңғайлы түрде жүргізіп жатырмын. Сабақ барысында білім алушылармен кері байланысты жүзеге асыруға орай өткен тақырып бойынша оқулық мәтінінен негізгі ұғымдарды жылдам таба білу мақсатында өтілген тақырыпқа сай мазмұнда тест алып отырамын. Бұл оқушылардың ынталары мен ізденістерін арттыра түседі. Сыныптағы оқушыларды қызықтыратын түрлі әдістерді қолдану үлкен шеберлік пен жауапершілікті қажет ететіні қашықтан оқытудың бірден-бір талабы деп санаймын.
Мектеп-гимназия ұжымындағы әріптестеріме Ел басына түскен сын сағаттардан сүрінбей өтіп, болашақта жақсы күндерде жүздесуге жеткізсін!
Мұсылман қауымының тазаруға әкелетін қасиетті Рамазан айында Еліміз індеттен арылып, мектебімізге аман-есен оралайық! Рамазан айы мүбәрәк болсын! Үйде болыңыздар!

Арпабеков Бақытбек Ильясұлы,
Қ.А Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы биология пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *