Сот дауын медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

Семей гарнизоны әскери сотында талап қоюшы С-ның жауапкері Л-ды мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын жайға құқығы жойылған деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдары бойынша С. сотқа жауапкер Л-ды мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын жайға құқығы жойылған деп тану туралы талап арызымен жүгінген.

Алдын ала қарау сот отырысында тараптар — талапкер мен жауапкер сотта дауды медиация тәртібінде реттеу туралы талап тілек білдірді. Соған сәйкес талапкер С. талап арызынан бас тартты, ал жауапкер Л. өз еркімен тұрғын үйді пайдалану құқығынан бас тартты.

Тараптар арасында қол жеткізілген дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге жазбаша түрде бекітілген және тараптар қол қойған, азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығының ережелері мен «Медиация туралы» ҚР Заңының 27 бабының талаптарына сәйкес келеді және сотпен бекітуге жатады. Себебі заңға қайшы келмейді және тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін бұзбайды.

Тараптарға медиативтік келісімге келу салдары мен негізі түсіндірілді және ҚР АПК-нің 277,  278 баптарының талаптары бойынша аталған іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады.

Сот ұйғарымымен аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Семей гарнизоны әскери сотының

 бас маманы Ж.БЕКЕНОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *