Шетелдiк басылымдар Алматы метросына жоғары баға беруде

Думан АНАШ
Алматы метрополитенiнiң сәулеттiк келбетi айрықша. Ол өзiнiң тазалығымен әрi заманауи сұлулығымен ерекшеленiп тұр. Әлем баспасөзi Алматы метросына осындай баға беруде.
Батыс БАҚ өкiлдерiнiң айтуынша, Алматы метросы ТМД кеңiстiгiндегi ең әдемi орындардың санатына жатады.
Мәселен, Тесса интернет порталы былай деп жазады: «Алматы тұрғындары метроның iске қосылуын 23 жыл бойы күттi. Және бұл метро осыншалық күтуге тұрар- лық құрылыс болды». Аталған порталдың журналисi тұрғындарының жылдық орташа табысы 8,8 мың доллар болатын елде дәл мұндай сән-салтанаты асқан метроның салынуына таңданысын жасырмайды.
— Мұнда мәрмәр едендер, әйнектен жасалған жұмыстар мен қымбат шамдар, аркалар – көптеген сәулетшiлердiң арманы ғана. Егер де сiз Алматы метросымен толыққанды танысып, көзбен көргiңiз келсе, Қазақстанға ұшатын ұшаққа орынға тапсырыс берiңiз, – деп жазады Тесса порталы.
Айта кетейiк, Тесса порталы бұл материалды техникалық жаңалықтарға жасалған шолуда баяндаған.
— Ескi метрополитеннiң исiнен шаршаған боларсыз, сондықтан, Сiзге жаңа метроның исi әбден ұнауы мүмкiн. Қазақстандағы Алматы метросын қараңыз, бұл әлемдегi ең жас метролардың бiрiне саналады. Метроның ұзындығы 8,5 шақырымды құрайды. Және адамдар бұл метроны көбiнесе жерасты аттракционы ретiнде пайдаланады, – деп хабарлайды Dvice.com
Бұл портал да өз шолуында пластик жетонның метрополитеннiң өз валютасы есебiнде қолданылатынын, жоғары технологиялық шешiмдердi, мониторларды, шамдар тобын, т.б. ерекшелiктердi атап өтедi.
Ал, Gizmodo Australia басылымы болса, «Әрине, Қазақстан, жарқын инфрақұрылымдары мен жаңашылды- ғымен көзге түскен бiрiншi ел емес. Десе де, фотосуреттерге көз салсақ, алматылық метроның барлық қала тұрғындарын өзiнiң көзге ұратын ерекше эстетикалық көркемдiгiмен бiрден баурап алатыны сөзсiз», – деп жазады.
— Қазыргi уақытта бұл метрополитен езулерiне күлкi үйiрiлген жолаушыларына лық толы. Мұнда адам тынығатын тазалық бар. Әсiресе, Нью-Йорк метросымен салыстырсақ, сiздiң адамдық нысапты көруiңiзге мүмкiндiк туады, – деп қорытындылайды Gizmodo Australia.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *