«Сайран» «бұғаудан» босанып, адам танымастай өзгереді

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Келешекте «Сайран» автовокзалының келбеті тұтастай өзгереді. Қалалық әкімдікте ғимараттың болашақ кескіні көпшілік назарына ұсынылды.

Автовокзал аумағында, алдымен, көлік логис­тикасы ретке келтіріледі. Аумақ кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолдары ұлғайтылады. Мұнда су­бұрқақтар салынып, балалар ойнайтын алаңдар пайда болады және көлік тұрақтары орын алып, аумақ көгалдандырылады. Соған сай ағаштар мен гүлзарлар отырғызылады.

Вокзалдың аумағы 60 мың шаршы метрді құраса, оның 7 мың шаршы метрі қайта жаңғыр­тылады деп күтілуде.

– Бүгінде «Сайран» автовокзалы аумағындағы барлық заңсыз құрылыс нысандары алынып тасталды. АЖҚС меншік иелерімен көлік жуу орталығын сүру туралы келісімге келдік. Негізгі мақсатымыз – автовокзал ғимаратының алғашқы кескінін қайтару. Сондықтан автовокзал аумағы тұтастай өзгеретін болады. Дегенмен, ғимарат түсіне қатысты айтарлықтай өзгеріс орын алмайды, – деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің сәулет және қала құрылыс басқармасы мамандары.

Жобаны қала тұрғындары басқарманың әлеуметтік желідегі арнайы парақшасынан көріп, бағалап та үлгеріпті. Алматылықтар аталған аумақта жұртшылыққа жайлы болу үшін орындықтарды көптеп орнатып, отырғызылатын ағаштар санын арттыру керектігін алға тартады. Басқарма басшылары көгалдандыру жұмыстары жобаны іске асыру аясында қатар жүргізілетінін айтып, сызбада ғимарат анық көріну үшін ағаштардың суреттері салынбағанын жеткізді.

Қысқасы, «Сайран» қоршаған қамалдардан босанып, адам танымастай өзгермекші.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *