«САЙРАНҒА» ШОМЫЛЫП, САЛҚЫНДАЙТЫН КЕЗ ЕНДІ ҚЫЗАДЫ

3Нұржамал  ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Қала әкімі  Ахметжан Есімов  «Сайран» көлі төңірегінің көріктендіріліп, қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы­мен танысып,  көлдің жаға­лауында суға түсіп, серуен құрып жүрген қала жұртшы­лығымен жүздесті.

Бүгінде  «Сайран» көлінің маңында шомылып, күнге  арқа­ларын төсеп   қыздырынып жат­қандарды,   катамаран­дармен сер­уендеп  жүргендерді жиі көруге болады.  Көлдің төңірегі де аз уақыттың ішінде адам таны­мастай түрге еніп, қызыл-жасыл шатырлы ауыл қоныстанғандай  күйге бөленген еді.  Бұл «Сайран» көлінің қайта жөндеуден кейінгі жаңа кейпі болатын.

88Қала әкімі  Ахметжан Есімов  «Сайран» көлі төңірегінің көріктендіріліп, қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы­мен танысып,  көлдің жаға­лауында суға түсіп, серуен құрып жүрген қала жұртшы­лығымен жүздесті. Аз ғана уақыт арала­ғында өзгеше күйге бөленген су айдыны жағалауында жүргізіл­ген көріктендіру жұмыстарына қала әкімінің көңілі толды.  Бұрын   қала тұрғындары көлдің шығыс жағын ғана демалыс аймағы ретінде пайдаланып келсе, қазіргі кезде  жағажайы 700 метрге ұл­ғайтылған  батыс бөлігі де жұрт­шылықтың  демалып, серуен құ­ра­тын жайлы орындарына айна­лыпты.  «Сайранның» батыс бөлі­гіне 5700  шаршы метрді құрай­тын құм төселіп, 50 жағажайға арналған қолшатыр, 8 киім шешетін арнайы орын,  жанында қоқыс жәшігі бірге орналас­тырылған 80 орындық, 4 бала­ларға арналған ойын кешені, волейбол алаңы, 4 спорттық тренажер  орналас­тырылған. Өзіміз көптен аңсаған барлық қолайлы жағдайлар жа­сал­ған.   Шығыс бөлігі де жаңа­рып, онда да 1400 шаршы метрдей  жерге жаңадан құм төселіп,13 шатыр, 10 қоқыс жәшігі, 5 орындық, ағаш­тан жасалған жолдар тө­селген,  4272 метр жер гүлден­дірілген. Батыс бөліктегідей бұл жақта да балаларға арналған ойын алаңы, волейбол алаңы құрылған.  Тамақтанамын деуші­лерге қоғамдық тамақтандыру орындары қызмет көрсете алады.  Суға шомылып болған соң салқын сумен денеңізді шайқап, серпілуге де қажетті жағдайлар жасалған.  Құтқарушыларға ар­налған  мұнара  да  демалушы­лардың қауіпсіздігін қалт жібер­мей бақылауға әзір. «Сайран» көліндегі қайта қалпына келтіру жұмыстарының да «Алматы – қала тұрғындары үшін жайлы қала»  бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын қала тұрғындарының есіне сала кет­кіміз келеді. Қала әкімінің Бас­пасөз қызметінің хабар­лауынша, биылғы жылы қала әкімдігі «Сайран» көлінің гидротехни­калық бөлігін қайта  қалпына келтіру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын  жасауды қолға алса керек. Бұл жұмыс көлді судың жиналу қаупінен сақтайтын болады. Осы жоба аясында  «Сайран» су қоймасы­ның бөгеттерін нықтау, гидротехникалық шлюздерді алмастыру, сондай-ақ, Үлкен Алматы каналының солтүстік бөлігін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жұмыстары да қарастырылып отыр. Бұл жұмыстар биылғы жылдың күзінен бастап қолға алынатын болады.

Жалпы, қала тұрғын­дарының жаз маусымын жайлы өткізулері үшін биылғы жылы «Сайран»,  Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы,  «Пархач», «Гүлдер»,  «Баум бағы» жағажай­ларына көріктендіру жұмыстары   жүр­гізіліпті.   Осы жерде  адам үшін жасалған игіліктерге адамша көзқарас танытсақ дегенді тағы да қайталап айта кеткіміз келеді.   Ал  жаңаша түрленген «Сайран» көлі жағалауындағы демалыс енді жайлы болары анық.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *