Өрттің беті қайтты

Жақында ғана Алматы облысының аумағындағы полигонда алған өрттің беті қайта бастады. Өртті сөндіру мақсатында қолда бар техникаға қосымша 10 «КамАЗ» бен 10 су шашатын машина қосылды. Сондай-ақ, өрт ошағында  әкімдіктердің, төтенше жағдай департаменттерінің (ТЖД) жұмыс топтары және Алматы облысының  коммуналдық қызметтері әрекет етті.

Осы орайда, қазір кейбір әлеуметтік желілер «өрт Алматы қаласына да айтарлықтай зиянын тигізіп жатыр» деп айтып жүр. Әрине, тілсіз жау қалаға жақын болғанымен, тек  түтіні ғана аздап шаһарды мазалаған. Соған байланысты Алматы облысы ТЖД-нің бастығы, полковник  Ерлан  Нұрпейсовтің  айтуы бойынша, ондағы топырақты нығыздау және су шашу секілді жұмыстар әлі де тоқтатылмайтын көрінеді. Бұл ретте облыстық ТЖД бастығы «Нақтылай айтар болсақ, тілсіз жалын аумақтың 1 гектар жерін қамтыған болатын. Осы тұрғыда мұның ең тиімді жолы топырақты нығыздау  және жердің қорғау қабілетін арттыру болып табылады. Өйткені, бұл жұмыстар жанып жатқан қоқыстың оттегімен өзара байланысып кетуін тоқтату үшін қажет болады», — дейді.

Атап айтатыны, «Қазгидромет» РМК-нің мәліметтері бойынша, өрт салдарынан Алматы аумағындағы полигонның ауасындағы ПДК  зиянды қалдықтарының жоғарылауы тіркелмеген.

 

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *