ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы сіздерді «ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» бағдарламасына қатысуға шақырады

Жастар тәжірибесі білім алған маман­дығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады.

Түлектер әр түрлі меншіктегі ұйымдарда жастар практикасынан өтеді, оның ішінде Алматы қаласы әкімдігінің құрылымына кіретін департаменттер мен ведомстволар, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ, жеке фирмалар бар. Мұндай ұйымдар­дағы тәжірибе жас маманның келешектегі мансабы үшін жақсы негіз болып табылады.

ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІ дегеніміз:

  • Мамандық бойынша жұмыстың бастапқы тәжірибесін алуға мүмкіндік;
  • Әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік;
  • Жастар арасында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Жастар практикасына 29 жастан аспа­ған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде жіберіледі.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай.

Төлем 66 275  теңгені құрайды (салық­тарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалысты өтеуді, сондай-ақ, банктік қызметтерді), ай сайын жұмыспен қамту орталығы жасайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Жұмыс­пен қамту орталығына хабарласы­ңыз. Қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының  Жұмыспен қамту орталығына (Назарбаев даңғылы, 50-үй, Жібек жолы көшесінің қиылысы)  хабарласыңыз.

Тел .: +7 (727) 224 20 00, +7 (727) 390 79 41, +7 (727) 390 78 97.

Emaіl: centr_almaty@maіl.ru.

 

Гауһар ӘУЕЛОВА, 

ЖҚО бөлім жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *