ӘР АЛМАТЫЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ МЕН ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Алматы қаласының ұзақ мерзімді дамуының стратегиясын талқылады. Алқалы жиында қоғам белсенділері көгалдандыру, хаб құру, халық пен билік арасындағы коммуникация мәселелерін тілге тиек етті.

–       Қала дамуының жаңа кезеңі бастау алған қазіргі кезең үшін әр алматылықтың қолдауы, пікірі маңызды. Қазір қабылданып жатқан стратегиялық шешімдер қала үшін де, біздер үшін де даму трендін қалыптастырып келеді. Сіздер бұл бағдарға тікелей қатысып, қолдау білдіреді деген сенімдемін, – деді қала әкімі Б.Сағынтаев.

Айта кету керек, бүгінде күн сайын, апта сайын қалалық өмірдің барлық салаларын жүйелі жаңғырту: инфрақұрылым, қоғамдық қауіпсіздік, экономика, экология, медицина, білім және басқа да маңызды мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдануда. 

Осы орайда барлық сындарлы ескертулер мен ұсыныстар желтоқ­сан айында өтетін қалалық урбанистік форумда айтылатын болады.

 

Досым СӘТПАЕВ,

саясаттанушы:

«БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСУ» ЖОБАСЫ ӨТЕ СӘТТІ БАСТАМА

– Кез-келген қаланың нәтижелі дамуы үшін халық пен билік құры­лымдары арасындағы тұрақты тығыз байланыстың болуы маңызды. «Жоғары­дағылар» «төмендегілердің» нені қалай­тынын білуі керек. Тек сол кезде ғана қалаған нәтижеге және қоғамдағы үйлесімділікке қол жеткізуге болады. Мен «Алматы – 2050» даму страте­гиясын мұқият зерделедім. Құжаттағы бірнеше тараулар менің ерекше қызы­ғушылығымды тудырды. Біріншіден, «Бюджетке қатысу» жобасын өте сәтті бастама дер едім. Бұл – азаматтардың сүйікті қаланың қоғамдық өміріне тартылуын арттыруға көмектеседі. Тек билік тарапынан бірдеңені күтіп қана қоймай, бастаманы өзі де көрсетуге болатынын көрсетеді. Екіншіден, даму стратегиясының бірде-бір тармағынан қаланың қауіпсіздігі туралы немесе жер сілкінісіне қатысты айтылған тарау­ларды көрмедім. Ал бұл мәселе біз үшін үлкен маңызға ие.

Сумен қамтамасыз ету мәселесі де, әсіресе, қаланың шалғай аудандарында өзекті мәселе. Менің ойымша, бұл мәселелер қаланың ұзақ мерзімді даму стратегиясында міндетті түрде айтылуы және қаралуы тиіс.

 

Аида ӘЛЖАНОВА,

халық мәселесі жөніндегі маман:

БОЛАШАҚТА АЛМАТЫДА БЕС МИЛЛИОН АДАМ ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

– Әр түрлі жобалармен жұмыс жасай отырып, мен өзімнің туған Алма­тының тағдырына немқұрайлы қара­майтын көптеген адамдармен таныс­тым. Біз бірге Азаматтық бастамалар коалициясын құрдық және қалалық әкімдікпен белсенді түрде ынтымақ­тасуға, мегаполиске пайда әкелетін әр түрлі жобаларды бірлесіп әзірлеп, жүзеге асыруға дайынбыз. Алайда, бұл үшін билікпен диалог орнату қажет, әйтпесе мұнымыздан ештеңе шықпайды. Мыса­лы, осыдан бірнеше жыл бұрын мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылым­дарында жұмыс істедім. Алматыда БҰҰ хабын құруды ұсындым. Алайда, бұл идеяның «Алматы – 2050» даму стра­тегиясында көрініс таппағаны қын­жылтады. Бұл өте маңызды құжат. Мұнда мегаполистің алдағы онжыл­дықта қалай дамитыны жазылған. Өмірдің барлық салалары қамтылды, мақсаттар мен міндеттер қойылды. Оларды талқылағымыз келеді. Өйткені, осы жолда біз бірге жүреміз. Мысалы, мені халық мәселелері бойынша сарапшы ретінде, қала халқының саны өсіп келетінін айтқым келеді. «Алматы– 2050» құжатында жазылғандай, болашақта Алматыда бес миллион адам тұратын болады. Алайда, бұған қала әлі дайын емес. Осы мәселелерді бірлесіп ойластырып, талқылау қажет.

Үлкен қалалар әрдайым тартылыс орталығына айналады. Себебі, еліміздің басқа өңірлері дамымаған, яғни жұмыс жоқ, табыс жоқ. Сондықтан барлығы мегаполиске ұмтылады және жергілікті тұрғындармен бәсекелесуге мәжбүр.

 

Әсет НАУРЫЗБАЕВ,

қаржыгер, кәсіби энергетик:

ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІНЕ ТИІСТІ КӨҢІЛ БӨЛІНСЕ

– Мені бірінші кезекте экология мәселелері толғандырады. «Алматы – 2050» даму стратегиясында бұл мәселеге тиісті көңіл бөлінсе деймін. Атап айтқанда, мегаполисте экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар ұсынылды. Өкініштісі, олардың жүзеге асып жатқаны шамалы. Біз  ауа­мен демаламыз. Ал онда зиянды заттар көп. Олардың негізгілері – күкірт, азот және көміртек тотықтары. Барлық осы факторлар денсаулыққа әсер етеді. Осындай ластану деңгейі бар қалалар адам өмірін шамамен жарты жылға қысқартады екен. Сол себепті, көптеген алматылықтар емделуге көп ақша жұмсауға мәжбүр.

Бұл жағдайды жақсарту үшін қала­дағы ЖЭО-ны толығымен газға көшіру керек. Алматының орталығынан 20-25 шақырым жерде жаңа құрылыс жүргі­зуге тыйым салу керек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *