Полицейлер арасында парақорлық дендеп тұр

Серік ЖҰМАБАЕВ

 

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Алматы қаласы ІІД қызмет­керлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кеңейтілген жиын болып өтті.

Аталмыш жиынға Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдебаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы­ның орынбасары Мәди Нұрабаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Хәкім Құшқалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары Дулат Әзбергенов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы филиалы жанындағы сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес қоғам­дық кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті архивінің директоры Борис Жапаровтар қатысып, жемқорлыққа қарсы тұшымды ойларын ортаға салды.

Жасыратыны жоқ, елімізде сыбайлас жемқорлық ең көп жайлаған мекемелердің қатарында ішкі істер органдары тұр десек, артық айтқандық емес. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде құқық қорғау органдарының 13 қызметкері парамен ұсталған. Оның үстіне Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына жемқорлық туралы 136 хат келіп түссе, соның 83 пайызы, яғни 114-і ішкі істер қызметкер­леріне қатысты түскен. Құқық қорғау органының 14 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Сонымен қатар, құқық қорғау қызметкерлері қызметтік мансабын пайдаланып, қорқытып-үркіту арқылы пара алатындығы да жасырын емес. Көші-қон саласында да мәселелерді парамен шешу жағдайлары көптеп кездеседі. Құқық қорғау қызметкерлерінің басым көбі пара алғаны үшін сотталып, жазасын өтеуде, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мәди Нұрабаев.

Еске сала кетейік, 2017 жылы пара алға­ны үшін 7 полиция қызметкері соттал­ған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *