Перзентханаға барып, «Бауы берiк болсын!» айтты

Айнабай МӘДИ

Елбасының 1 наурыздағы №511 Жарлығымен қыркүйектiң екiншi жексенбiсi – «Отбасы күнi» боп жарияланғанда, мега­полистiң жүрек тұсында орна­ласып, шањардың  шежiресiне айналған Алмалы ауданы жұрт­шылығының қуанышы қойнына сыймады. Алмалы ауданының әкiмi Серiк Құсайынов аудандағы барлық аналарды мерекемен құттықтады. Көп балалы аналар­мен арнайы кездескен аудан әкiмi оларды толғантып отырған мәсе­лелермен жiтi танысты. «Отба­сының дәнекерi – бала» екенiн жақсы түсiнетiн әкiм өзi бастап, аудан аумағындағы №1 перзент­ханаға бас сұқты. «Бауы берiк болсын!» айтып, нәрестелер мен олардың аналарын мерекемен құттықтады, сый-сияпат жасады.

Алмалы ауданы аумағындағы №54 қазақстандық-ресейлiк  гим­­назияда «XXI ғасырдағы отба­сы» тақырыбында тамаша пiкiр­талас өттi. Пiкiрталасқа келген дәрiгерлер мен психологтар «отбасы», «ата-ана», балалар» тәрiздi ұғымдарды жан-жақты талдап, ойын ортаға салды. Әсiресе, «Неке: дәстүрлi және азаматтық» тақырыбы талайдың ой түбiнде жатқан сырын ақта­руға сеп болды. Сырттан сап еткен неке жайына келгенде: «Ментали­тетiмiзге жат азаматтық некенiң керегi бар ма?» деген қоғамдық пiкiр туындады. Ра­сында  да ойланарлық жәйт.

Бұл басқосуда №25, 54 мектеп  мұғалiмдерi, оқушы­лары ерекше белсендiлiк танытты. Отбасы күнi аясында «Тастақ» ықшам­ауданындағы №96 мек­теп­тiң базасында аула клубы ашылып, №95 мектеп базасында отбасы мәселелерi жөнiнде бала­лар мен олардың ата-аналарына арналып  психологтар кеңесi ұйым­дастырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *