Қоштасқым келмейді

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының биылғы түлектері жүздері бал-бұл жанып, жүректерін қуаныш толқыны кернеп, «Мирас» салтанат үйіне жиналды. Академия әкімшілігі ұйымдастырған  дипломдарды табыс ету рәсімі үлкен салтанатпен өтті.

Көз жанарлары жарқылдаған жалын жүректі түлектерге, балаларының көп жылғы еңбегінің қорытын­дысын көруге үлкен ризашылық көңілмен жиналған ата-аналарға, еліміздің сәулет-құрылыс саласындағы таны­мал қайраткерлерге және түлектердің білімін ұштаған ұстаздарға лық толған залда ерекше көңіл-күй сезіледі.

Алаулаған арманы орындалып, дипломдарын қолына ұстаған арманшыл, жаңаша ойлауға қабілетті, талапты жастармен, міне, еліміздің сәулет-құрылыс саласы тағы да толықты. Биыл оқу орнын 73 магистрант және 806 студент аяқтады. Олардың ішінде 64 түлек үздік диплом иегері атанды.

«Білім – ырыстың тізгіні»  деген халық даналығын еске ала отырып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлек­терге жолдарың болсын, алған білімдерің өмірлік пайдаларыңа жарасын  деп тілек тілеген, диплом табыс ету салтанатына қатысқан құрметті қонақтардың қатарында көптеген үлгі тұтар тұлғалар – Академия Қамқоршылар кеңесінің мүшелері болды. Аға буынның түлектерге айтар басты өсиеті – білімдеріңді толықтыра беріңдер, еліміздің болашағына лайық маман болу жолында үйренуден шаршамаңдар!

– Бүгін – ерекше күн. Құрметті түлектер, жоғары білім алған киелі қара шаңырақ,  алтын ұяларыңыздан қанат қағып, ұшқалы тұрсыздар. Өзім үшін де, шәкірттерімізге дәріс берген оқытушыларымыз үшін де, cіздерден үміт күткен ата-аналарыңыз үшін де қуанып тұрмын. Өздеріңіз бітірген Академияның жетістіктері алдағы кезеңдерде де жаңа биіктерді бағындырып, сіздерден кейінгі түлектерді де жаңа ізденістерге қанағаттандыра беруіне тілектеспін. Түлектер, сіздердің алдарыңызда тұрған ең басты міндет – осы оқу ордасынан алған білімдеріңізді тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары кәсіби тұлға болу. Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, өсіп-өнуіне лайықты қызмет ету жолында баршаңызға зор денсаулық, мол табыстар тілеймін, – деді ҚазБСҚА Президенті Әмірлан Құсайынов.

Өмірге жолдама алған жас түлектер мамандық алған оқу ордасымен қимай қоштасты.

 

Гүлбану ҚАСАБЕКОВА,

Жалпы құрылыс факультетінің оқытушысы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *