«ҚОШЕМЕТ!», «ҚОШЕМЕТ!..»

Қуандық ТҮМЕНБАЙ, жазушы:

– Қазіргі әншілерге таңғалам. Сахнаға шықпай жатып, «Қошемет!», «Қошемет!» деп айқайлай бастайды. Ән тыңдап үлгермеген көрермен амалсыз қол шапалақтайды. Көңілі көншімеген әнші «қаттырақ, қаттырақ!» деп ышқынады. Соңынан жүргізуші шығып, тағы да қошемет сұрайды. Ән тыңдауға келген көрермен алақандары күлдіреп, қошемет көрсетуден шаршап қайтады.

Әр әншіге қошемет көрсететін арнайы топ дайындау керек сияқты.

 

(«Жас Алаш», №39, 16.05.2019.). 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *